Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару. Өтеғали Шеденов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов страница 24

Әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті басқару - Өтеғали Шеденов

Скачать книгу

және жергілікті аймақтар экономикасының дамуын басқару мен ұйымдастыру бағдарламасын тиімді жүзеге асуы үшін ол әрине, ресурстар көлемімен сәйкес келуі, әрбір нақты жағдайға сай реттеуші шараларының баламалары болуы, көзделген іс-әрекеттің орындалуын бақылауы тиіс. Осыған орай жергілікті аймақтар экономикасын дамуын басқару мен ұйымдастыру жүйесін қалыптастыру, ресурстарды жүзеге асыруда және бақылауын нығайтуды қажет етеді.

      ІІ тарау

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ

      1. Қазақстанның нақты сектор экономикасындағы әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі

      Қазақстан – орасан зор аумақта орналаса отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың жергілікті аймақтық ерекшеліктеріне ие. Олар экономикалық шаруашылық байланыстарға, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің ағымының шарттарына және жалпы мемлекеттің экономикалық әлеуетіне едәуір ықпал етуге қабілетті. Жергілікті аймақтардың бірінің екіншісінен артта қалушылығы халықтың әлі де өмір сүру деңгейінің төмендігінде, экономикалық шаруашылық қызметтің аз қарқындылығында, нақты сектор экономикасындағы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған салалық құрылымында, ғылыми-техникалық әлеуеттің жаңартылмауында, әлеуметтік саланың мардымсыз дамуында. Осы айтылған қауіпқатерлер мемлекеттік және жергілікті аймақтар экономикасына әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күрделі қиындықтар туғызады.

      Қазақстан жергілікті аймақтарының нақты сектор экономикасын келесідегідей сыныптауға болады [30]. Мәселен: Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын мұнай-газ облыстары деп анықтауға болады. Олардың айрықша касиеттері: инвестициялардың анағұрлым жоғарғы деңгейі (елге салынған барлық капитал салымдарының 50%дан астамы), монобағытты экономика, әлсіз дамыған ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу нақты секторлары.

      Ал, өнеркәсіптік облыстар анағұрлым кең кеңістікті қамтиды, ол шығыстан орталыққа қарай тарылады: Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Берілген облыстар үшін қара және түсті металлургияның ірі ресурстары, болашағы бар қайта өңдеу секторы, әртараптандырылған өндіріс, анағұрлым дамыған перифериялар тән. Статистикаға сәйкес, өнеркәсіптік облыстарда ел тұрғындарының 23,3 %-ы өмір сүреді.

      Сол сияқты, Солтүстіктегі Қостанай облысын және оңтүстіктегі Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын аграрлы-индустриалдық облыстар деп атауға болады. Аталған үш облыс та ауыл шаруашылығына анағұрлым нақты секторда маманданған, бірақ өнеркәсіптік әлеуетті дамыту үшін ресурстары да бар. Сонымен бірге бұл облыстар тартымды табиғи ресурстарға бай. Оңтүстік аграрлы-индустриалды облыстарда жер суармалы, ал қыста солтүстік аймақтарда қар тоқтатылады. Аймақта республика тұрғындарының 27,4 %-ы тұрады.

      Қазақстанның ауыл шаруашылығы облыстары екі

Скачать книгу