Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 10

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова

Скачать книгу

ол суы салқын болатын теңіз түбінде ең жоғары болады. Терең суларда тіршілік ететін организмдерде жоғарғы қысымның қолайсыз әсерін бейтараптандыратын әртүрлі биохимиялық бейімделушіліктер пайда болады. Мысалы, гидробионттарда гидростатикалық қысымды қабылдайтын мүше қызметін әртүрлі газды камералар (балықтарда торсылдақ, қарапайымдылар цитоплазмасындағы газды қосылыстар, кейбір медузалардың табанындағы ауа қуыстары, басаяқты және құрсақаяқты моллюскалардың бақалшағындағы ауа қуыстары) атқарады. Камерадағы газ қысымының өзгеруі организмдер үшін әртүрлі рецепторлармен қабылданатын олардың қандай тереңдікте екендігін білдіретін белгі болып табылады және оны белсенді реттеуге мүмкіндік береді.

      Гидродинамика.Оның негізгі элементтеріне су ағысы, толқындану және судың араласуы жатады. Өзендерде ағыс арналардың жоғарыдан төменге ағуымен байланысты, ал теңіздер мен көлдерде басқа себептерден пайда болады. Ал су массасының араласуы тартылыс күштері, жел әсерлері, организмдер және басқа да себептермен жүзеге асады. Суды қозғалысқа келтіретін гравитациялық күштерге тасу (толысу) мен қайтуды кезектесіп жүзеге асыратын Ай мен Күннің тартылысы жатады. Пайда болуы бойынша ағыстар градиентті – гравитациялық, фрикционды, тасу және инерциялық ағыстар деп ажыратылады. Градиентті – гравитациялық ағыстар өз ішінде тығыздық өрісінің қайта таралуы (сулардың жылулық және тұздылық деңгейлері) салдарынан пайда болатын тығыздықты, атмосфералық қысым өрісінің қайта таралуына негізделген бароградиентті, жағалаулық сулардан, жауын-шашынның түсуінен, буланудан және кейбір басқа да себептерден пайда болатын ағыстық болып бөлінеді. Фрикциондық ағыс судың беткі қабатымен ауа массасының жанасуымен, тасу (толысу) ағысы – Ай және Күн тартылыс күшінің әсерімен анықталады. Инерционды ағысқа барлық қоздырушы факторлардың әсері тоқтағаннан кейін байқалатын ағыстар жатады. Қозғалу траекториясы бойынша тік сызықты, қисық сызықты, циклонды және антициклонды ағыстар ажыратылады. Солтүстік жарты шардағы шеңберлі циклонды ағыс сағат бағытының қозғалысына қарсы бағытталған (оңтүстік жарты шарда – керісінше).

      Орналасуы бойынша беткілік, тереңділік, су түбілік, жағалаулық және т.б., ал физика-химиялық ерекшеліктерге байланысты – жылы, суық, тұщы, тұзды, тұрақтылығы бойынша – тұрақты, маусымдық және уақытша ағыстар деп ажыратылады.

      Судың араласуының әртүрлі формаларының арасында желден пайда болатын турбулентті немесе фрикционды, өте суық және тұзды сулардың тереңге түсуімен байланысты судың конвективті алмасуы ажыратылады. Алмасу болмаған жағдайда су қабаты тігінен әркелкі болады. Онда әртүрлі факторлардың әсерінен гидрологиялық ерекшеліктердің қандай да бір формада көрінетін клиналдылық (градиенттілік) пайда болады. Олар: тығыздық (пикноклин), температура (термоклин), оттектің мөлшері (оксиклин) түрінде әсер етеді. Су және ауа массаларының өзара әсері ретінде пайда болатын

Скачать книгу