Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 11

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова

Скачать книгу

температуралық диапазонмен ғана емес, сондай-ақ қолайлыдан ауытқыған жағдайда олардың тіршілік әрекеттерінің баяулау деңгейімен де анықталады. Жағымсыз температураның әсеріне жиі ұшырайтын көптеген гидробионттарда дененің сұйық компонентінің қатып қалуын алдын алатын бейімделушіліктер қалыптасады. Олар, негізінен, сөлдердің қатып қалу нүктесінің төмендеуіне және олардың өте салқындауға қабілетінің жоғарылауына алып келеді. Осындай бейімделушіліктердің арқасында көптеген литоралды организмдер температураның -10 °C-қа дейін төмендеуін көтереді. Мысалы, осындай температураға мидиялар төзеді. Palingera polaris моллюскасы мұзға қатып, температура -11 °C және одан да төменгіні көтереді, өзін шырышпен қоршап мұз кристалдарының өсуін тежейді. Арктикалық және антарктикалық балықтар, соның ішінде сайка, -2 °C температурада белсенді тіршілік етеді. Дененің сұйық компонентінің қатып қалуын арнайы өндірілетін антифриз – гликопротеидті молекулалар болдыртпайды, өйткені олар гидролдер арасындағы сутектік байланыстарға әсер етіп, мұздың құрылымын әлсіретеді, сосын мұз ериді. Балықтар қанындағы антифриз концентрациясы мұз боп қатуға пропорционалды. Кейбір омыртқасыздарда антифриз қызметін глицерин атқарады, ол мұз қату нүктесі мен қатты мұздауды бәсеңдетеді.

      Гидробионттардың таралуына температураның әсері даралардың терморезистентілігімен ғана анықталмайды. Бір жағынан, көп ауытқитын температуралар көбею процесін бұзуы мүмкін, екіншіден, түрдің бәсекеге қабілеттілігіне және сәйкесінше оның таралу ерекшелігіне де кері әсер етеді.

      Тыныс алу, өсу және даму процестеріне әсер ететін фактор ретінде температураның экологиялық маңызы өте зор. Температураның қандай да бір шекке дейін көтерілуі барлық процестердің күшеюіне алып келеді. Өзгермелі температура жағдайында гомеостазды қолдап тұру үшін пайдаланылатын биохимиялық жағдайлардың кең жиынтығы басқа бейімделушіліктермен бірлесе отырып гидробионттардың жылы немесе салқын суларда тіршілік етуіне қарамастан, оларға зат алмасуын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Жағалау омыртқасыздарының зат алмасуы температураға тәуелді емес, өйткені олар тәулік ішінде біресе салқындап, біресе жылынады.

      Температура төмендегенде зат алмасу деңгейі мен өсу жылдамдығы бәсеңдейді. Қыста зат алмасудың бәсеңдеуі қорек аз кезде гидробионттарды ашығудан сақтайды. Температура өзгеруімен байланысты гидробионттардың биохимиялық құрамында метаболизм сипатында да біршама ауытқулар байқалады. Мысалы, салқын түсуіне байланысты май қышқылдарының арасында моно- және полиқанықпаған майлардың мөлшері артады, ассимиляция процестерінде белоктың маңызы да артады.

      Жарық. Фотосинтездеуші өсімдіктер үшін жарықтың экологиялық маңызы өте үлкен. Оның жеткіліксіздігі салдарынан жарық, мысалы, мұхит суларының көптеген шақырым қабаттарында мүлдем болмайды.

      Көптеген жануарларға жарық ортаны тану және қозғалудың бағыты үшін қажет. Жарық факторының бақылауымен зоопланктон мен көптеген

Скачать книгу