Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова страница 20
Жоғарғы ендіктерден төменгі ендіктерге қарай жылжығанда жалпы заңдылыққа сәйкес зообентостың түрлік құрамы артады. Бұл эпифауна үшін заңды құбылыс, ал инфауна үшін қолданылмайды, өйткені температура ауытқуының өзгеруі грунт қабатында оның үстіне қарағанда аз байқалады.
Экваторға қарай қозғалғанда балдырлардың кейбір топтарының сандық қатынасы заңды түрде өзгереді. Төменгі ендіктерде диатомды балдырлардың саны азаяды, ал перидиниялардың саны артады. Барлық ендіктерге тән түптік балдырлардың 3 типінен салыстырмалы суық суларда қоңыр балдырлар басым (40-43 %), ал жасыл балдырлар аз (12-13 %) болады. Жылы суларда қоңыр балдырлар аз (18 %), ал жасыл балдырлар көптеу (24 %). Қызыл балдырлардың үлесі суық және жылы суларда шамалы ғана ауытқиды (46-55 %). Ламинариялар және фукус балдырлары тек салқын (қоңыржай) және суық суларда кездессе, ал Саргастар тұқымдасына жататын балдырлар керісінше тек жылы суларда ғана кездеседі.
Омыртқасыздардан тек тропикаларда 20 °C төмен температурада өмір сүре алмайтын күрекаяқты моллюскалар Scaphopoda және маржан полиптері мекендейді. Осы аймақтарда планктонды тамыраяқтылар, сифонофоралар, Geryonidae және басқа медузалар, планктонды Alcyopidae көпқылтандылар, планктонды құрсақаяқты моллюскалар, антинидалар (Janthina), сальпалар мен сагитталар тіршілік етеді. Тропикаға мангрлы тоғайлар да тән болады.
Бергман заңы бойынша гидробионттардың мөлшері жоғары ендіктерден төменгі ендіктерге қарай майдаланады. Мысалы, Nassa clousa моллюскаларының (Gastropoda) дене мөлшері Балтық теңізі мен Солтүстік теңізді байланыстыратын Скачеррак бұғазында 12,7 мм-ге жетеді, ал Исландияның жағасында – 19 мм болады. Anonyx шаяндарының дене мөлшері Англия мен Шпицберген жағалауларында сәйкесінше 18 және 50 мм болса, Норвегия суларында 12-16 мм, ал Гренландияға жақынырақ суларда 25-30 мм-ге жетеді.
Әдетте жоғары ендіктерге жақындаған сайын жануарлардың семізділігі артады. Биологиялық көзқарас бойынша тіршілігінде маусымдық өзгерістер болмайтын тропикалық организмдерге май жинау жоғары ендіктегі формалар сияқты бейімделушілік емес. Жоғары ендіктегі жануарлардың қоректенуі көп уақытқа дейін болмауы мүмкін, сондықтан қорланатын қоректік заттардың қажеттілігі жоғары болады.
Төменгі ендіктерге жылжыған сайын жыртқыштарға байланысты биотикалық қатынастардың салыстырмалы маңызы артады, осыған орай гидробионттардың қосымша «қарулануы» (тікенектері және басқа қорғаныш құрылымдары дамиды) күшейеді, улы түрлердің саны өседі. Мысалы, Тынық мұхиттың Калифорния аймағындағы жағалауында, губкалардың литоралдық түрлерінің балықтарға деген уыттылығы 20 %-ында болады, ал Мексиканың оңтүстік шекарасында 75 %-ға дейін өседі. Ендіктерден экваторға жылжыған сайын бентостағы жануарлардың пелагиалды дернәсілдері бар түрлерінің арасында ұзақ жасайтындардың үлесі артады. Бірте-бірте ұзақ өмір сүретін өсімдікқоректі балықтардың саны көбейеді. Төменгі ендіктерде, негізінен, даму циклы