Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa страница 11
7- бап. Лиганың тұрағы ретінде Женева белгіленеді.
Кеңес кез келген сәтте оны басқа жерде белгілей алады… .
8- бап. Лига мүшелері бейбітшілікті сақтау ұлттық қаружарақты ұлттық қауіпсіздікке және бірлескен әрекет қоятын халықаралық міндеттемелерді орындауға сәйкес мейлінше аз мөлшерге дейін шектеуді талап ететінін мойындайды… .
9- бап. 1, 8-баптардың қаулыларының орындалуы туралы және жалпы түрде, әскери, теңіз бен әуе мәселелері туралы өзінің қорытындыларын кеңеске беріп тұру үшін тұрқты комиссия құрылатын болады.
10- бап. Лига мүшелері лиганың барлық мүшелерінің территориясының біртұтастығын және қалыптасқан саяси тәуелсіздігін кұрметтеуге және кез келген сыртқы шабуылдан қорғауға міндеттенеді… .
11- бап. Кез келген соғыс немесе соғыс қаупі ол лиганың мүшелерінің біреуіне тікелей қатысы бар әлде жоқ екендігіне қарамастан, бүкіл лиганың назарын аударады және ұлттар әлемін нақты қорғай алатын шаралар қабылдауға міндетті деп айқын түрде жарияланады. Мұндай жағдайда Бас хатшы лиганың кез келген мүшесінің талабымен дереу кеңесті шақырады… .
12- бап. Лиганың барлық мүшелері, егер олардың арасында араздыққа апаратын дау шыға қалса, онда оны дауласушы жақтар сайлаған соттың талқылауына немесе кеңестің қарауына беруге келіседі. Олар ешқандай жағдайда дауласқан жақтар сайлаған соттың шешімінен немесе кеңестің баяндамасынан кейін үш айлық мерзім өткенше соғыс ашпауға келіседі… .
14- бап. Кеңеске халықаралық соттың тұрақты палатасынның жобасын жасау және лига мүшелерін онымен таныстыру тапсырылады. Бұл палата оған жақтар берген барлық халықаралық сипаттағы даулармен айналысатын болады.
15- бап. Егер лига мүшелері арасында айырылысуға әкелу мүмкін дау шықса және осы дау 13-бапта қарастырылған дауласушы жақтар құрған сот талдауына салынбайтын болса, онда лига мүшелері оны кеңеске таныстыруға келіседі. Бұл үшін, олардың біреуі Бас хатшыға осы дауды нұсқаса жеткілікті, ал ол толық тексеру мен қарастыру үшін барлық шараларды қабылдайды… .
16- бап. Егер лига мүшесі 12, 13 немесе 15-баптарда қабылданған міндеттемелерге қарамай, соғысқа жүгінетін болса, онда ол ірзо Іасіо лиганың бүкіл басқа мүшелеріне қарсы соғыс ашты деп қарастырылады. Соңғылар онымен барлық сауда және финанстық қатынастарын дереу үзуге және өз азаматтары мен статусты бұзған мемлекеттің азаматтары арасындағы барлық қатынастарға тыйым салуға және де осы мемлекеттің азаматтары мен басқа кез келген мемлекеттің, лига мүшесі ме, жоқ па бәрібір, азаматтарының арасындағы финанстық, саудалық және жеке қатынастарды тоқтатуға міндеттеледі… .
Статустан шығатын міндеттемелердің біреуін бұзып айыпты болған кез келген мүше лигадан шығарылып тасталуы мүмкін. Шығаруды лиганың кеңеске кірген басқа барлық мүшелерінің дауысы шешеді.
17- бап. Біреуі ғана лига мүшесі болатын немесе екеуінің бірі де оған кірмейтін екі мемлекеттің арасында дау