Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa страница 14
Циндаодан Цзинаньфуға дейінгі теміржолға, оның тармақтары мен вокзалдар, қоймалар, материалдық бөлігі мен қозғалмалы құрам сияқты әртүрлі жабдықтарына, кендер, мекемелер, кендерді пайдалануға қажетті материалдарға германдық иелік құқығының барлығы онымен байланысты басқа құқықтар мен артықшылықтарды қоса Жапонияға беріледі және оның иелігінде қала береді.
Герман мемлекетінің Циндаодан Шанхайға және Циндаодан Чифуға дейінгі су асты өткізгіштері олармен байланысты барлық құқықтарымен, артықшылықтарымен және меншігімен тап осылайша Жапонияға беріледі және олар міндеткерліктерден босатылады.
157- бап. Цзяочжоу жеріндегі Герман мемлекетінің иелігіндегі қозғалмалы және қозғалмайтын меншікке құқықтары, сондай-ақ осы жердегі жақсарту жұмыстарына қатысты тікелей немесе жанама шығындарына орай оның алуға талаптанатын құқықтары Жапонияға беріледі және оның иелігінде қала береді, олар міндеткерліктерден босатылады.
158- бап. Германия осы келісім күшіне енген соң үш ай мерзім ішінде Цзяочжоу жерінің азаматтық, әскери, қаржылық, соттық және басқа басқармасына қатысты барлық мұрағаттарды, реестрлерді, жоспарларды, құқық негіздерін және құжаттарды, олар қай жерде болса да, Жапонияға беруге тиісті.
Барлық ұлттардың қарулануын жалпы шектеуге дайындықты мүмкін ету мақсатымен Германия төменде белгіленген әскери, теңіз және әуе ережелерін қатаң сақтауға міндеттенеді.
І бөлімше
ӘСКЕРИ ЕРЕЖЕЛЕР
160-бап. 1920 жылдың 31 наурызынан кешікпей герман әскері жеті жаяу әскер дивизиясынан және үш атты әскер дивизионынан артпауға тиісті.
Осы сәттен бастап Германияны құрайтын мемлекеттер әскерінің жалпы адам саны офицерлер мен сапта жоқ құрамды қосқанда жүз мың адамнан аспауға тиісті, ол тек қана ел ішіндегі тәртіпті сақтау үшін және шекаралық полиция үшін ғана пайд аланылады.
Офицерлердің жалпы адам саны қандай құрам екендігіне қарамастан штаб қызметкерлерін қосқанда төрт мыңнан аспауға тиісті… .
Германияның Үлкен Бас Штабы және осы сияқты басқа құрамалары таратылады және қандай тұрпатта болса да қайта қалпына келтірілуге тиісті емес.
173-бап. Германияда жалпыға бірдей міндетті әскери қызмет атаулының барлығы жойылады.
Германия әскері ерікті жалдау жолымен ғана құрылады және толықтырылады.
180-бап. Рейннен шығысқа қарай 50 километр қашықтықта белгіленген сызықтың батысындағы Германия территориясында орналасқан барлық құрлықтық бекіністер, қамалдар және бекінген орындар түгелдей қарусыздандырылады және жермен-жексен етіледі…
Германияның оңтүстік және шығыс шекараларындағы бекіністер жүйесі сол қалпында сақталады.
II бөлімше
ТЕҢІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕР
183-бап. Осы Шарт күшіне енгеннен кейін екі айдан соң Германияның соғыс флотына қатысы