Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер). Гүлжауһар Көкебaевa

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa страница 2

Еуропa жəне Aмерикa елдерiнiң қaзiргi зaмaн тaрихы (семинaр сaбaқтaры бойыншa əдістемелік кеңестер) - Гүлжауһар Көкебaевa

Скачать книгу

алдында дамудың үш нұсқасы тұрды: либералдық демократияны жетілдіру; социализм (коммунизм) орнату; фашистік диктатура орнату. ХХ ғ. 20-30 жылдары осы үш бағыттың күресімен сипатталады. Қарастырылып отырған кезеңде еуропалық мемлекеттік жүйелер кейбір жағдайда соғыстан кейінгі алғашқы жылдардың революциялық оқиғаларының әсерімен қалыптасты немесе бұқараның әлеуметтену процесі мен солшыл либералдық пиғылдың таралуы нәтижесінде демократияландыруды тереңдетуге ұмтылды. Саяси жүйелердің көптүрлілігі бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әрбір елдің экономиканы модернизациялау, халықтың тұрмысын жақсарту және халықаралық аренада ұлттық мүдделерін қорғау мақсатымен жасаған өзіндік әрекеттерінен туды.

      Революция қарсаңындағы саяси күштердің арасалмағын талдауда ГСДП, ГТСДП және соңғы партияның құрамында болған «Спартак» тобының иедологиялық бағыттарына, революциядағы мақсат-міндеттеріне айрықша назар аудару қажет. Бұл жерде осы аталған саяси күштердің саяси платформаларын Ресейдегі меньшевиктер мен большевиктердің идеяларымен салыстыра қарастырған тиімді болады.

      Семинарға дайындық барысында студент кеңестік ғылыми әдебиетте Халық Өкілдері Кеңесінің қызметі біржақты талданғанына назар аударуға тиісті. Халық өкілдері Кеңесі мен оны ауыстырған Ф. Эберт үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатына дұрыс баға беру үшін К. Каутский басқарған Әлеуметтендіру комиссиясының жобасын талдау қажет.

      1919 жылдың қаңтар мен мамыры арасындағы оқиғаларды талдау барысында кеңес ғылыми әдебиетінде неміс социал-демократтарының қатты сынға ұшырағанын ескере отырып, бұл мәселені, негізінен, С. Хаффнердің еңбегі бойынша талдауды ұсынамыз.

      Семинарда пайдаланылатын деректер:

Германия социал-демократиялық партиясының канцлер Макс фон Баденгеультиматумы1918 жылдың 7 қарашасы

      1. Жиналыстар өткізуге тыйым салуды дереу тоқтату.

      2. Кайзер мен мұрагер ханзада жұма күні түс ауғанға дейінгі мерзімде тақтан бас тартсын (8.11.1918).

      3. Үкіметте социал-демократтар күшейтілсін.

      4. Пруссия үкіметі рейхстагтағы партиялық көпшілік негізінде қайта құрылсын.

      Мұның барлығы жұма күні түс ауғанға дейінгі мерзімде орындалсын, болмаса, социал-демократтар үкімет құрамынан шығады.

      История Германии. Документы и материалы. Т. 3. / под ред. Б. Бонвеча и Ю.В. Галактионова. – М., 2008. – С. 314.

Канцлер Макс фон Баденнің Германияның кайзері II Вильгельмге телефон арқылы айтқан сөзі1918 жылдың 8 қарашасы

      Германияда азамат соғысын болдырмау және сенің бейбіт кайзер ретіндегі өз міндетіңді орындауың үшін сенің тақтан бас тартуың қажет болып тұр. Қан төгілсе, оған сені жауапты қылады. Көпшілік сені бүгінгі оқиғаларға айыпты деп санайды. Бұл пікір дұрыс емес, алайда сондай көзқарас бар… .

      Егер сенің биліктен бас тартуың азамат соғысын болдырмауға септігін тигізсе, онда қандай жамандық болса да, сенің атың тарихта жақсы

Скачать книгу