Араб тілінің терминологиясы. Анар Мустафаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева страница 4

Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева

Скачать книгу

де жатады, яғни жалпы тілдегі сөз бен термин дифференциациясы. Жалпы қолданбалы лексика үшін терминология лексикалық бірліктермен байытылу қоры ретінде қарастырылатындықтан, тілден бөлек қарастырылмайды.

      Терминнің терминдік жүйеден жалпы қолданбалы лексикаға ауысуы зерттеушінің алдында термин термин болып қала бере ме әлде қалмай ма? деген сұрақ туындайды. Дегенмен термин өзіне сай ерекшеліктері мен сипаттарына ие болса да, жоғарыда көрсеткеніміздей, тілден бөлек өмір сүрмейді. А.М. Ахмедтің айтуынша, жалпы тілге енген термин сол салада айналысатын мамандар тілі мен терминологиялық лексиканың қоры ретінде ғана қолданылмайды [7, 261-б.], бір терминологиялық саладан екінші салаға ауысқан термин екі лексиканың қоры ретінде қарастырылады.

      Ғылыми тұрғыдан дамыған, реттелген терминологияның кез келген тілде болуы мен функционалдануы күмән туғызатыны анық, тіпті бірқатар ғалымдар арасында қарама-қайшылыққа да әкеледі. А.В. Суперанская мен оның қосавторларының пікірі бойынша, «әлемде 2000-нан астам тіл болғанымен, дамыған ғылыми терминология тек 60 тілде бар. Ал терминологиялық белсенділік ең бастысы саланың дамуымен тығыз байланысты» [6, 5-б.].

      Тек терминологиялық бірліктердің қалыптасып жиналғаннан кейін терминологиялық жүйе қалыптасады. Ал термин бірліктері тек кірме сөздер мен калька арқылы ғана емес, сонымен қатар басқа да термин жасау жолдары арқылы қалыптасады.

Сұрақтар:

      1. Терминге қойылатын талаптарды атаңыз.

      2. «المصطلح» терминінің жасалуын түсіндіріңіз.

      3. «المصطلح» және «الاصطلاح» терминдеріне тоқталыңыз.

      4. Араб тілі мен басқа тілдердегі «терминнің» қолданысын айқындаңыз.

      5. Терминологияға анықтама беріңіз.

      2-дәріс

      Араб терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихына шолу

      Араб терминологиясы тарихының туындауының тарихына келер болсақ, онда ол біз атап өткендей, Аббас халифатының билігімен (750-1050 ж.), нақтырақ айтқанда ғылым, өнер және әдебиеттің туындауымен байланысты. Бағдад (аббас) халифтерінің билігі кезінде кейбір ғалымдар аудармамен, ал басқалары білім берумен айналысты. Әл-Хорезми (һиджра бойынша 387 жылы қайтыс болған) қаламына тиесілі «مفاتيح العلوم» [Mafatiih ul-‘Ulum] (Ғылымдар кілті) кітабын атау жеткілікті. 15 бөлім, 93 тараудан тұратын бұл кітапта аббас ғалымы 2382 терминге анықтама берді [14, 41-б. ]. М.Ф. Хиджази өзінің терминологияға арналған «әл-Усус әл-Лугауия фи илм әл-Мусталах» еңбегінде атап өткендей, араб терминдерін тарихи тұрғыдан қарастыру – араб тілі тарихы мен ғылым тарихының маңызды бөлігі. Араб терминінің тарихы бірінші кезекте аударма тарихымен тығыз тоғысады, сондықтан Араб Шығысындағы аударма бастауларын меңгеру жалпы араб терминологиясын зерттеуде аса маңызды рөл атқарады. Аударма қызметі VIII ғасырдың ортасында басталып, ІХ ғасырда халиф Мамунның билігі кезінде жемісті түрде дами бастады. Бұл кезде кітаптар хинди, грек, парсы тілдерінен араб тіліне аударылды. Атап өтілгендей, халиф Мамун аудармашылар жұмыс істеген «Даналық үйінің» («بيت

Скачать книгу