Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница
Туған еліне оралган соң Ғаббас Жұматұлы қазіргі әл-Фараби атындагы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетіне оқуға түседі. Оқу орнын үздік бітірген көзі ашық, көкірегі ояу жас жігіт Марксизм-ленинизм кафедрасына аспирантураға қалдырылады. 1953 жылдан өзі білім алған университетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиеледі. Осы уақыт ішінде әрі батыр, әрі ғалым Ғаббас Жұматұлынан дәріс алған мыңдаған шәкірт Қазақстанның түкпір-түкпірінде қазақтың бай да рухты тарихын насихаттап жүр.
Ғаббас Жұматұлы абыз ақсақалдыққа аяқ басқан шағында халқының құрметіне бөленіп, мерейі асқақтай түсті. Университет қабырғасында Ардагерлер Кеңесіне төрағалық етіп, жас ұрпақтың бойына елжандылық, Отанға деген сүйіспеншілік сынды қасиеттердің дәнін егіп келеді. Қас батыр Франция, Италия, Венгрия, Болгария, Югославия сынды мемлекеттерге сапарға шыгът, аталмыш елдердің студенттерімен кездесулерде дәріс оқыды. Неміс фашистеріне қарсы күресте бір атаның балаларындай шайқасқан, әртүрлі ұлттан шыққан майдандастарының ерліктерін баяндады. Олар туралы көптеген естеліктер жазып, бірнеше кітап шығарды.
Тарих тегеурініне төтеп берген, қан майданда ерекше ерлік көрсеткен Ғаббас Жұматұлы сегіз орден, отыз медальмен, Мәскеуді қоргаганы, Будапештті азат еткені үшін, Венгр Халықтық Республикасының «Алтын гүлшоқ», I, II дәрежелі «Отан согысы», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Достық» және «Жуков» ордендерімен, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медальдарымен марапатталған.
Бүгінгі ұрпақтың бейбітшілікте күн кешуі Ғаббас ағамыздай ел азаматтарының ерлігінің жемісі деп білеміз. Сондықтан есімі Қазақстанға ғана емес, бұрынғы Одақтас мемлекеттердің бәріне мәшһүр батыр Ғаббас Жұматовтың өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен осы кітапты ұсынып отырмыз.
ӨМІР МЕН ТАҒДЫР
ХХ ғасыр басында қазақтарда туған нәрестені азаматтық хал актілеріне тіркеу, оларға құжат беру деген болмаған. Сондықтан дүниеге жаңа келген нәрестеге ат қою және туған күнін белгілеу күнделікті өмірде болып жататын айтулы оқиғаларға байланыстырылып қойылатын. 1920 жылы Жұматтың үлкен отбасында Ғаббастың дүниеге келуі халықтың есінде ұзақ жылдар бойы сақталып қалған жұтпен (аштық, жалаңаштық) сәйкес келді.
Ғаббас Жұматов Орталық Қазақстанның табиғаты әсем , шырайлы жерлерінің бірі – Павлодар облысының Баянауыл аудананында дүниеге келген.
Табиғаты қатал Сарыарқа даласының ортасын ойып орналасқан осы бір таңғажайып өңір кімді болсын таңғалдырмай қоймайды. Тау-тас, орман-тоғай, өзен-көл, бұлақ-бастаулар жазық жатқан сары далада аяқастынан өсіп шыққандай әсер береді.
Осындай таңғажайып аймақта Ғаббастың балалық, бозбалалық шағы өткен. Ол өзінің аға-қарындастарымен (отбасында барлығы 10 бала болған) ата-анасына көмектесіп, өмірдің сан қырлы сынағынан өтті. Аттың құлағында ойнап, доп теуіп, Жасыбай көлінің үстінде қатқан мұзға сырғанақ теуіп, мал бақты. Павлодардағы бастауыш мектепті бітірген соң, Ғ. Жұматов 1933 жылы ата-анасымен бірге Алматыға көшіп келеді. Осында 1937 жылы байланыс техникумын бітіріп, Қарағандыдағы радиохабарларын тарату қондырғысында техник болып жұмыс істейді. Өндірісте жұмыс істеп машықтанған ол осындағы тау-кен институтының геологиялық барлау факультетіне оқуға түседі. Бірақ көп ұзамай Отан алдындағы борышын атқару үшін әскерге шақырылады да, әскер қатарында 1940-1946 жылдарға дейін болып, Ұлы Отан соғысына қатысады.
Соғыс басталғанда Ғ. Жұматов кең байтақ елдің батыс шекарасында, Белоруссиядағы Брест қамалының әскери гарнизонында қызмет істейтін. Бұл гарнизонның жауынгерлері алғашқылардың бірі болып күші басым жаудың соққысын өздеріне қабылдап, ерлікпен шайқасты. Олардың бойында қайсарлық пен Отанға деген адалдық, өз туған жеріне деген махаббат пен сүйіспеншілік оты болатын. Оның көптеген майдангер достары соғыстың алғашқы сағатында-ақ оққа ұшқанымен, ерліктері мәңгіге аңыз болып қалды. Ал Ғаббас болса, әлі күнге дейін сол жауынгер достарының бет-әлпет, сөйлеу мәнерлерін есінде сақтады.
Жеңіспен аяқталған соғыстың символына айналған Брест қамалын қорғаушылардың ерлігі миллиондардың жүрегінде мәңгілік сақталып қалды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің «Ұлы Отан соғысындағы жеңіс ұмытылмайтын халық ерлігі» атты баяндамасында: «Қазақстандықтар 1941 жылдың 22 маусымында-ақ, соғыстың алғашқы қанқұйлы соққысын Брест қамалында қабылдаған болатын. Ал олардың арасында біздің де жерлестеріміз бар еді…» – дей келе, қазақстандықтардың ерлігі мен Отанына деген