Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ - Коллектив авторов страница 4
Жылдар өз ретімен зымырап өтіп жатыр, ал Ұлы Отан соғысының тарихы Ғ. Жұматовтың артта қалған ұзақ та жемісті, қилы-қилы кезеңге толы еңбек жолы сияқты артта қалуда. Бірақ соғыс әрі еңбек ардагері Ғаббас Жұматов әлі де біздің қатарымызда, көппен бірге еліміздің жарқын болашағы үшін мәңгілік жауынгерлік сапта тұр.
МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ
ТЕКТІӘУЛЕТТІҢ ТАРЛАНДАРЫ
МЕН ӨСКЕН ОРТА ЖӘНЕ ӨМІРДІҢ КЕЙБІР СӘТТЕРІ
XX ғасырдың басында біздің округтен қазақтарда азаматтық ахуал туралы жазба деректер болмаған. Дүниеге жаңа келген баланың алғашқы өмір анықтамасы сол кездегі ерекше оқиғаға байланысты есте қалатын. Осындай жағдайда әкемнің айтуынша мен 1918-1920 жылдары болған жұт кезінде туыппын. Ол жылдары малды сақтап қалу өте қиын болған, кейбір жанұяда аша тұяқ та қалмаған. Қазақтың әрбір үйіне аштық, ауру ене бастаған, осындай ауыр жағдайды халық есінде ұзақ сақтады. Сөйтіп біздің, үлкен жанұямыз менің дүниеге келген кезімді 1918 жылдың қыркүйек айы деп есептейді.
Мен Қазақстан Республикасының орталық өңіріндегі Павлодар облысының, сұлу да, өте көрікті жері Баянауыл ауданында (ескіше Семей губерниясы, Павлодар уезі,