Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 22
WIMP-интерфейстерінің тағы бір шектеулілігі – ол жалғыз басты пайдаланушыларға арналғандығында.
4.5. Интерфейсті құрудың негізгі принциптері
1. Табиғилық (интуитивтілік). Жүйемен жұмыс істеу, пайдаланушы қойылған тапсырманы шешу үрдістерін басқару үшін қажетті нұсқауды іздеуде қиындық болмауы керек.
2. Қайшылықсыздық. Егер жүйемен жұмыс жасау үрдісі кезінде пайдаланушы жүйенің қандай да бір бөлімінің жұмыс жасау тәсілдерін пайдаланса, онда жүйенің басқа бөлімінің жұмыс жасау тәсілі бірдей болуы қажет.
3. Артық еместік. Бұл пайдаланушы жұмыс жасау немесе жүйені басқару үшін тек минималды ақпарат енгізуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, пайдаланушы елеусіз цифрларды енгізбеуі керек (10 орнына 00010). Осыған ұқсас, пайдаланушыдан алдын ала енгізілген немесе жүйеден автоматты түрде алынатын ақпаратты енгізуді талап етуге болмайды.
4. Көмек жүйесіне тікелей қатынау. Жұмыс үрдісі кезінде жүйе пайдаланушыны қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етуі керек. Көмек жүйесі үш негізгі аспектіге жауап береді: қамтамасыздандыратын командаларының сапасы мен саны; қателер мен жүйенің не істеп жатырғаны туралы хабарламалардың сипаты. Қателер туралы хабарламалар пайдаланушыға түсінікті және пайдалы болуы керек. Қателер туралы мінсіз хабарлама мына үш сұраққа жауап беруі керек:
– проблема неден тұрады?
– бұл проблеманы қазір қалай түзету керек?
– проблема қайталанбауы үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарға жауапты пайдаланушыларға түсінікті тілде және сыпайы түрде беру керек.
5. Икемділік. Жүйе интерфейсі әртүрлі деңгей дайындығындағы пайдаланушыларға қызмет етуі тиіс. Тәжірибесі аз пайдаланушыларға интерфейс иерархиялық құрылымдалған мәзірді, ал тәжірибелі пайдаланушыларға командалар, пернелерді басу комбинациялары мен параметрлер сияқты мүмкіндіктерді ұсынуы керек.
Графикалық пайдаланушы