Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 25
Айналдыру жолағы – мазмұнын парақтауға арналған терезе элементі. Жұмыс істеу қолайлығы жағынан аса сәтті емес интерфейс элементі. Скролды дөңгелекшесі бар тінтуірдің пайда болуынан бастап айналдыру жолағына деген сұраныс төмендеді.
Айналдыру жолағын құрастыру кезінде келесі талаптарды ескеру қажет:
– сырғытпа өлшемі әрдайым парақталатын құжаттың жалпы көлемін көрсетуі тиіс;
– жолақтағы нұсқарлар біріккен болуы керек, яғни екі нұсқар жолақ бойында бір-бірінен әртүрлі қашықтықта емес, жақын тұрулары тиіс. Бұл интерфейс логикалылығы мен оның тиімділігіне қарсы келетін жағдайдың бірі. Егер парақтау кезінде ақау кетсе, онда біріккен батырмалар, кейін қарай бағытталған курсордың нұсқарға қозғалысын азайтады;
– егер парақтау кезінде көрініс облысында динамикалық өзгерістер жасау мүмкін болмаса, онда пайдаланушыға қалқымалы сыбырда ағымдағы орнын көрсетуі тиіс. Курсор қозғалысы барысында ағымдағы орын туралы сыбыр өзгеріссіз тұруы қажеттігін ескеру керек;
– курсор қозғалысы кезінде кететін аздаған қателіктерді өңдеуді қамтамасыз ету қажет. Пайдаланушы жылжытқышты курсор арқылы қозғалтып, өзі сол уақытта құжатқа қарап отырғанда, курсор жолақтан ауытқып кетуі мүмкін. Мұндай кезде жүйе белгілі бір сәтке дейін (30-70 пиксельге дейінгі) қозғалысты елемеуі тиіс.
Құрал-сайман тақтасы – таңдау кезінде белгілі бір іс-әрекетті орындауды көздейтін пиктограммалар жиынтығы.
Барлық тақталардың келесі артықшылықтары бар:
– олар пайдаланушыға керек функцияны тінтуір арқылы жылдам шақыруға мүмкіндік береді;
– олар пайдаланушыға жады жұмысының аз істеуіне мүмкіндік береді;
– олар көзге көрінетін интерфейс байлығын арттырады;
– олар өзінің көрнектілігі арқылы жүйемен жұмыс істеп үйренуді үдетеді. Бірақ та олардың кемшіліктері де бар: экранда көп орын алады, сондықтан қалаған нәрсенің бәрін орнату мүмкін емес. Бұл проблеманы екі жолмен шешуге болады.
Біріншіден, тақтаға тек жиі қолданатын командаларды қолданған дұрыс (пайдаланушының жеке талабына сай тақтаны баптау мүмкіндігі). Екіншіден, тақтаны пайдаланушының әрекеттер контекстіне тәуелді етіп жасауға болады. Екі тәсіл бір-біріне қарсылық туғызбайтындықтан екі тәсілді де пайдалануға болады.
Құрал-сайман тақтасын функцияны шақырудың жалғыз тәсілі етіп жасамаған дұрыс.
Қазіргі кезде тақтаға еркін алынған басқару элементтерін орналастыруда техникалық проблема туындамайды (тек қана бір шектеу бар, ол – орналасатын элементтер өлшемі), күрделі тақта құрастыруға кедергі