Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - Коллектив авторов страница 29
Логикалық негізгі кілт – бұл жазбаны табиғи жолмен анықтайтын кілт. Мысал ретінде, ҚР азаматының ЖСН-і, жеке куәлік нөмірі. Осы деректер бірегей, яғни ЖСН және жеке куәлік нөмірлері ұқсас екі ҚР азаматы жоқ.
Суррогатты негізгі кілт – негізгі кілтпен қамтамасыз етілетін табиғи кілт болмаған жағдайда қолданылатын кілт. Бұл кілттерге автоматты белгілеу қояды.
ДҚБЖ – пайдаланушыларға ДҚ-ны анықтауға, құруға, өзгертуге және сүйемелдеуге мүмкіндік беретін, оған қоса қорға басқарылатын қолжетімділікті жүзеге асыратын ПҚ.
ДҚБЖ-ның функционалдық мүмкіндіктерінің тізімі.
1. Дерек сақтауды басқару – ақпаратты қосу, кетіру және жаңарту алу мүмкіндік. Дерекке қолжетімділікті жылдамту үшін ДҚ ақпаратын сыртқы жадыда сақтауды қамтамасыздандыру.
2. Оперативті жадының буферін басқару – ақпаратты өңдеуді жылдамдату үшін деректерді оперативті жадыға буферлеу.
3. Жүйелік деректер каталогын басқару – оны деректер сөздігі деп те атайды. Мұнда сақталатын ақпараттардың аты, типі және көлемі; қолданушылардың аты және олардың қолжетімділігі; статистикалық деректер сақталады.
4. Журналды басқару – журнал қолданушыларға қолжетімсіз. Онда кез келген өзгерістер туралы дерек сақталады.
5. Мәмілені басқару – тұтас болып есептелетін деректерге жүргізілетін операциялардың реттілігі. Деректі өңдеу барысындағы бір этап істен шықса, деректердің бастапқы қалпына оралады.
6. Қауіпсіздікті басқару – қауіпсіздік белгілі бір кестеге құқық ДҚ-да сол немесе басқа кестелерге қолжетімділік және мүмкіндіктер құқығын орнату есебімен қауіпсіздікке жетеді. Мысалы, кейбіреуге сол кестедегі қарауға, кейбіреуге кестедегі деректерді өңдеуге рұқсат етіледі, ал администратор ДҚ-ның құрылымын өзгерте алады.
5.3. SQL – құрылымдық сұраныс тілінің негізі
SQL (ағылш. Structured query language – құрылымдық сұраныс тілі) – реляциялық ДҚ-ларын құруға, өзгертуге және басқаруға арналған әмбебап компьютер тілі.
Реляциялық ДҚ-ны технологиялар саласындағы салалық көшбасшылары қолдағандықтан, сонымен қатар компьютерлік технологиялар ерекшеліктерінен және әсемдігінен ол тәуелсіз, SQL ДҚ-ның негізгі стандартты тілі
SQL стандарты Америкалық Ұлттық Стандарттар Институтымен (American National Standards Institute, ANSI) және Стандарттаудан Халықаралық Ұйымымен анықталады.
SQL екіге бөлінеді: интерактивті және енгізілген. Екі формада көп бөлігі бірдей жұмыс жасайды, бірақ әртүрлі қолданылады. Интерактивті SQL тапсырыс берушінің пайдалануына арналған қорытындысын шығаруға ДҚ-ны пайдалануға тікелей қолданылады. Мұнда SQL команданы енгізгенде, ол тез орындалады және оның қорытындысын бірден көруіңізге болады.
Енгізілген SQL ол SQL командаларынан тұрады, әдетте басқа тілде жазылған ішкі программада орналасқан