Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап. Наталья Попова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - Наталья Попова страница 4

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - Наталья Попова

Скачать книгу

target="_blank" rel="nofollow" href="#image6_5a70364c21dcb06d14391664_jpg.jpeg"/>

      Ақша құнының өзгеруі мемлекетте өндірілетін маңызды азық-түліктердің бағасына, халықтың мемлекетке төлеген салықтың соммасына және де басқа көптеген факторларға байланысты. Қаржы сауаты бар адам өз ақшасын сақтап қалу және табыстарын бақылау үшін әрдайым инфляцияны бақылап отырады. Әр түрлі дереккөздерде инфляция бойынша әр мемлекеттің болжамдары жарияланады.

      Егер табыс көздерінің өсімі инфляцияға қарағанда аз болса, сен алған табыс оған дейін болған табысқа қарағанда аз деген сөз. Яғни шынайы табыс сен күткендегіден аз болады.

      Мысал:

      2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңге құрады.

      2017 жылдың соңына қарай инфляция 10% құрады, ал сенің еңбекақың баяғыдай болып қалды. Бұл 2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңгеге тең болса, жылдың соңында сенің еңбегін10%-ға арзанырақ болып, яғни 90 000 теңге тең болады.

      Қызықты дерек:

      Тарихта болмаған инфляция Зимбабведе 2009 жылы болды. Жылдық инфляцияның пайызы 321 миллион құрады. Зимбваваде болған инфляцияның жалғыз артықшылығы ол мемлекет тұрғындары оңай триллионға дейін санап үйреніп алды, себебі мемлекет 100 триллион зимбабве долларлық купюрасын шығарды!

      Есеп 1.

      Сен Африкаға 2021 жылға саяхат жоспарлап қойдың, сапардың бағасы 1800 АҚШ долларға шығады. 1 АҚШ доллары 330 теңге тұрады. Бұл сомманы жинау үшін сен 3 жыл бойы ай сайын банкке 16000 теңгеден, яғни 50 АҚШ доллардан саламын деп шештің.

      Жыл сайынғы инфляция 5% құрады және доллар бағамы авиабилет сатып алатын уақытқа келгенде 1 доллар 400 теңгеге тең болды. Теңге жиналған ақша саған Африкаға саяхатқа жете ма?

      Есеп 2.

      Сенің 120 000 теңге тұратын бір зат сатып алу арманың бар. Өзің не екенін ойлап тап. Сомма үлкен болғандықтан оны әке – шешеңмен бірге жинаймыз деп шештіңдер. Анаң саған ай сайын 10 000 теңгеден тәртіпті болғаның және үй шаруасында көмектескенің үшін беріп тұруға уәде берді. Бір жылда (12 айда) мемлекетте 10% инфляция болды. Қалай ойлайсың ынталанып жинаған 120 000 теңгеге армандаған затыңды ала аласың ба? Сен армандаған зат жылдың соңында қаншадан болады?

      Тарау 6. Номиналды және нақты табыс. Табыс әр түрлі бола ала ма?

      Сен өз ақшаңды басқарасың, не олардың жоқтығы сені басқарады

      Дэйв Рэмси

      Әрбір қаржыдан сауаты бар адам қаржысы оны емес, ол қаржысын бақылағысы келген жағдайда, өзінің шынайы табысын түсіне білу керек. Сенің шынайы табысың – бұл инфляция шегерімінен кейінгі қалған қаражат.

      «Номиналды» және «нақты» деген терминдерсіз инфляция зардаптарын түсіну мүмкін емес.

      Номинал – латыншадан «nome» – есім, не «nominalis» – атаулы – бұл нақты цифрлармен таңбаланған баға. Былайша айтқанда, купюр АТАУЛАРЫ. Мысалы, біз номиналы 100 теңге купюра туралы айтайық. Инфляция нәтижесінде купюра «жүз» цифрімен қалады, және де оның аты сақталады, бірақ онымен сатып алатын зат азаяды. «Тек аты болмаса…» – деп айтатындай.

      Мысал.

      Сен банкке 100 000 теңге салдың

Скачать книгу