Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап. Наталья Попова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - Наталья Попова страница 5

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап - Наталья Попова

Скачать книгу

түсіне білгенінің маңызы өте зор. Әлемдік стандарт бойынша салық және де қалған шығындардан кейін бизнестің жылдық табысы 10% болған жақсы көрсеткіш болып табылады. Егер де мемлекетте әрдайым инфляция болса, табысты есептегенде оны есепке алып отыру керек. Үлкен инфляция кезінде, мысалы, 20%, номиналды табыс 10% болса да, сенің нақты табысың 10% минусқа кетеді. Яғни бизнес тек тегін ғана жұмыс жасамай, оған қоса шығынға кетеді. Бұл жағдай бизнеске әсер етеді ма? Әлбетте. Егер де инфляциямен сай табыс өсімін қадағаламаса, шығын көбейеді, онда сен банкротқа ұшырайсың, қарызға батасың, және де тағы басқа көптеген зардаптар шегесің.

      Нақты дәл табысты есептеу үшін Фишердің формуласы бар, ол былай:

      мұнда rp = нақты табыс

      rn = номиналды табыс.

      i – инфляция.

      Қорытынды:

      Номиналды табыс пен нақты табысты айыра отырып сен табысыңды алдын ала есептеп отыра аласың. Сенің табысың инфляциядан асқанда ғана, оны өсіп жатыр деуге болады. Егер де сенің табысың инфляцияға тең болса, табыс нольдік белгіде болып есептеледі. Егер де табыс өсімі инфляциядан төмен болса, сенің бизнесің ақталып жатқан жоқ, ол тек шығын әкеліп жатыр деген сөз.

      Сұрақтар

      1. Нақты табыс дегеніміз не?

      2. Айлалы сұрақ. Қалай ойлайсың номиналды және нақты құнның саған тиімді айырмашылығы болу мүмкін бе? Бұл сұраққа келесі есепті шығара отырып жауап бер.

      Сен банктен жылына 7% 200 000 теңге, мықты компьютер алып жұмыс істеу үшін, 3 жылға кредит алдың.

      Инфляция бірінші жылы 3%, екінші жылы 7%, үшінші жылы 10% құрады.

      Сатып алынған тауар тиімді болды ма? Неге?

      Есеп:

      Сен депозитке жылына 12%-бен 10 000 теңге салдың. Жылына инфляция 7% құрады. Сенің жылдың соңында салынған депозиттен нақты көретін табысың қанша?

      Тарау 7. Бюджет. Ол не және не үшін керек?

      Көп ақша табу – ерлік, оларды сақтап қалу – даналық, ал дұрыс жұмсау – шеберлік.

      Бертольд Авербах

      Бюджет – шектеулі қаражат көлемін есепке ала тұрып белгілі бір уақытқа бөлу. Мысалы, анаң саған бір айға 1000 теңге берді. Бұл сенің бір айлық бюджетің. Оны сауатты түрде жарату үшін саған бір айлық бюджетіңді бөліп, оны қадағалу керек.

      Сенің болашақ табыс пен шығыстарыңды жазатын және есепке алатын кесте сенің бюджетің болып табылады.

      Сонымен, бюджет екі бөліктен тұрады.

      Сен болжаған табыстар мен шығыстарды енгіздіретін жоспар.

      Нақты табыстар мен шығыстарды жазатын құжат – есеп.

      Бюджет жеке, жанұялық, мемлекеттік болу мүмкін.

      Конец ознакомительного фрагмента.

      Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

      Прочитайте эту книгу целиком, купив

Скачать книгу