Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - Кеңес Оразбекұлы страница 4

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

етханасына жасырынып кіреді. Арқанға іліп кептіріп қойған соғым етті екі қапқа сықап салып, сарай артынан сыртқа жылыстайды. Көшеден бір есек ұстап, екі қап етті теңдеп есекке артып, үшеуі жолсызбен ауыл сыртына шығады. Олар жолда «Әй, кім бар, көмектесіңдер!» деген бір әйелдің жалынышты даусын естиді. «Бір қуіпті жағдайға ұшыраған да, кім болса да көмектесіп, сауабын алайық» деп дауыс шыққан тұсқа келсе, бір кемпір екен.

      – Әй, қарақтарым, жаутаңкөз шырақтарым, маған қолқабыс беріңдер. Қараңғыда есегім сүрініп кетіп, мына бір қапты аударып алғаным. Шашылған тезекті жинасып жіберіңдерші, айналайындар, – дейді ол.

      Үшеуі құрақ ұшып келіп, кемпірдің тезектерін жинасып, қапқа қайта салады.

      – Ой, өркендерің өскірлер, енді бұл қапты есекке артысып жіберіңдер. Әйтпесе менің шамам келмейді.

      – Қазір, шешей, мен есекті әкелейін, – деп Шибұт қараңғылыққа сүңгіп кетіп, екі есекті ноқта жібінен ұстап әкеледі. – Шешей, мыналардың қайсысы сіздікі, айыра аласыз ба? Екеуіне де қап тиелген екен.

      – Құлағын ұстап көр. Менің есегімнің оң құлағы кесілген.

      Шибұт есектің біреуінің құлағын сипап көреді:

      – Ә, мынаусы екен! Жареке, Қылеке, сендер де ұстап көріңдерші, мен жаңылысқан жоқпын ба?

      Олар да есектің құлағын сипап шығады.

      – Дәл осы!

      Үшеуі кемпірдің қабын есектің арқасына артып, оны кемпір берген арқанмен орап байлайды.

      – Ал, шешей, енді сүрінбей, жығылмай, жолда абай болып, үйіңізге аман-есен жетіңіз.

      – Әй, арыстарым-ай, алла разы болсын! Сендер болмасаңдар қайтер едім, тілеуіңді бергірлер. Екі дүниенің қызығын көріңдер! Жолдарыңа нұр жаусын!

      – Арзымайды, шешей.

      Олар кемпірді қараңғылыққа сүңгіп кеткенше шығарып салып, өздері де есектерін жетектеп, жөндеріне кетеді.

      Үйлеріне жеткен соң, есекті қора алдына байлап, алдына шөп салды да, өздері қапты алып, үйлеріне тартты. Шаршап келген үшеуі қаптарды үйдің кіре беріс дәлізіне қалдырды да, үшеуі төсектеріне сұлай-сұлай түсіп, ұйқыға кетті.

      Таңертең ерте тұрған Шибұт екі серігін жұлқылап оятты.

      – О, тоба, ұйқы берші!

      – Астыңнан су шықты ма, не болды?!

      – Су шықса мейлі ғой, – деді Шибұт. – Одан бетер болған жайы бар! Тырқидық жігіттер! Мұнда келіп қараңдаршы!

      Шибұттың суық сөзінен кейін, екеуі де үрейленіп атып тұрып, Шибұтпен ілесе ауызғы үйге жүгірді. Шибұт көрсеткен аузы ашық қаптарға қараса, екеуінде де сықап толтырылған тезек!

      – Ет қайда?!.

      – Міне, көріп тұрсыңдар ғой!

      – Сонда біз етті?..

      – Иә, тезекке алмастырып, кемпірге беріп жіберіппіз.

      – Ойбай-ау, ол кемпірдің есегінің оң құлағы кесік болып еді ғой?!. – деді Қылкеңірдек.

      – Ал біздікі ше?!.

      Үшеуі көздері бозарып тұрды-тұрды да, далаға атып шықты. Түндегі байлап кеткен есектеріне келіп, құлағына қараса, оның да оң құлағы кесік екен!

      – Мәс-саған

Скачать книгу