Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - Кеңес Оразбекұлы страница 5

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

уақытта жаңағы қуыстан бірінен кейін бірі тайыншадай-тайыншадай үш қошқар атып шығады. Қошқарлардың үстінде әлгі үшеуі. Шаңырақтай мүйіздерінен қатып ұстап алған. Қошқарлар арқаларындағы желімдей жабысқан бәледен құтылмақ болып, мөңкіп-мөңкіп көкке шапшиды. Аяқтары жерге тигенде, мүйіздері бір-біріне «тарс-тұрс» соғылады. Түнгі дауыс қатты жаңғырығады. Иттер жан-жақтан арсылдап, ауылды басына көтереді.

      – Ал, сайыпқырандар, – деді Шибұт. – «Қашпақ болсаң зымыра» деген. Қошқарлардың басын мына жаққа, ауыл сыртындағы жыңғыл тоғайға бұрыңдар. Бізді иттердің өзі әспеттеп шығарып салмақшы. Әйт, чу! Үррит деген!

      Айтқандай-ақ, ауыл иттері де жан-жақтан арсылдап-әупілдеп, ке-ліп қалып еді.

      – Иә, баста, әйт, шу-у, тұлпарым! – деп Жарғақбас қолыңдағы шыбықпен қошқардың құйрығынан салып қалады. Қошқар ытырылып алға ұмтылады.

      – Мына иттерге жеткізбей құстай ұш, сұңқарым! – деді Қыл-кеңірдек те артына қарап.

      Бұл дүрбелеңнен екі-үш үйдің терезелері жанып, бір-екі үйдің есіктерінен адамдар да атып шыққан. Ал біздің сайыпқырандар қой арқасына кенедей табысып, мүйіз-рөлдеріне тастай жармасып, қараңғылыққа сүңгіп барады. Тек Жарғақбастың қазандай басы ғана ай жарығына шағылыса жарқырап, қой үстінде жоғары-төмен теңселеді. Түнгі қараңғылыққа аққан жұлдыздай сіңіп барады…

      ***

      Үшеуі үйлеріне сүйретіліп жетіп, төсектеріне сұлай-сұлай кеткен. Содан күні бойы ұйқы соғып, түс қайта бір-ақ оянды

      – Ту-у, күн екіндіге дейін сеспей қатып ұйықтаппыз ғой, – деді

      Шибұт басын ұстап. – Денем құрысып, басым шарадай болып тұрғаны. Қошқарлармен түнімен сүзісіп шыққанмын ба, қалай?

      – Сенің басың шарадай болса, менің басым қандай болғаны? – деп күлді Жарғақбас. – Менің де денем құрысып, кәдімгі түнімен көкпар тартып шыққандай болып тұрмын.

      – Бірің қоймен сүзісіп, екіншің көкпар тартсаңдар да, кәне, жиналыңдар! – деді Қылкеңірдек. – Тоғайдағы жыныс-қамалымызға тезірек барайық. Кешегі қойларымызды күн батпай сойып алайық.

      Үшеуі жол қапшықтарына керек-жарақтарын салып, арқаланып жолға шықты. Жыра-жықпылдың, ну шалғынның арасымен жүре отырып, ағаш арасындағы жасырын мекендеріне де жетті. Қоршау ішінде кешегі қойлары жайылып жүр екен. Үшеуі артынып-тартынып қораға кіре бергендері сол еді, арттарынан: «Баукеспелер, тоқтаңдар, қолдарыңды көтеріңдер!» деген дауыс шықты. Үшеуі көздері бозарып, қолдарын көтеріп, арттарына бұрылып еді, мал иесі Малтүгел мен Қойбағарды және қару кезенген екі полицейді көрді.

      Полицейлердің бірі Қылкеңірдектің иығындағы арқанды алып, оларды бір-біріне көгендеп байлайды.

      – Малды ұрлаған осы сойқандар екенін қалай білдіңдер? – деді полицейдің бірі Малтүгел мен Қойбағарға қарап.

      – Түн жарымында ауыл азан-қазан болған соң, Қойбағар екеуміз далаға атып шыққанбыз. Біздің қораның сыртында қарайған біреулер ойқастап жүр екен. Қараңдаған екеуін ажырата алмасақ та, мына Жарғақбасты шырамыттық.

      – Қалай шырамыттыңдар?

      – Өйткені, оның мына жарғақ басы ай жарығынан шағылысып, жарқырап

Скачать книгу