Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - Кеңес Оразбекұлы страница 6

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

емес, алтын бас қой!

      Жарғақбас та өз басын мақтанышпен сипайды.

      – Ендеше, бұл жорықты қай жерде, қалайша жүзеге асырамыз – жоспарын құрайық. – деді Қылкеңірдек.

      – «Тентек шоқпар жинайды» деген, қару-жарағын да қамдайық.

      – «Өткеннің орағын, кеткеннің кетпенін алу үшін де» күш керек. Күресіп, алысып жаттығайық.

      – Онда «ұрыста тұрыс жоқ», ал кірістік…

      Екеуі Жарғақбасты ортаға алып, жоспар жасауға кірісті. Ертеңіне үшеуі ағаш басына өрмелеп, бұтақ кесіп, сойыл-шоқпар жасауға отырды. Үй алдында алысып-жұлысып, күш сынасуды да ұмытпады.

      ***

      Тескентау өткелі аузында біздің үш қарақшы шайла тігіп жатқанына біраз уақыт болды. Белдерінде – басы кішігірім қауындай жұмырлап жонылған ағаш шоқпар. Тескентаудың биігіне кезек-кезек шығып, жол қарайды.

      Үшеуі күні бойы жол аңдып, қатты жалықты.

      – Фу, ішіміз пысып кетті ғой! Кәне, бір ермек табайық, – деді Шибұт.

      – Қандай ермек?

      – Мәселен… – басын қасып тұрып сайда жайылып жүрген есектеріне көзі түседі. – Ау, анау есектерімізді жарыстырып ойнайық.

      Қылкеңірдек мойнын созып жолға қарап:

      – Ақыры бүгін аңдыған жемтік-саудагерлеріміздің келмейтін түрі бар. Онда сөйтсек-сөйтейік.

      Үшеуі сайда жайылып жүрген есектерін жетектеп, қара жолдың үстіне әкеледі. Үш есекті қатарынан тұрғызып жолға қаратады да, қолдарындағы шыбықтарымен олардың бөкселерінен салып-салып қалады.

      – Ы-һы! Ы-һы! Кәне шабыңдар!..

      Бірақ есектерінің орындарынан қозғалатын түрі көрінбейді. Жондарына батқан шыбықты да елемей, есектік мінездеріне бағып, тұқырып бір орында тұрды да қойды.

      – «Жүгі жеңіл есек жатаған келеді» дейді. Енді қайтеміз, ә?

      – Бұларды қалай жарыстырамыз?

      – Қандай амал бар?

       Е, тап-тым! – деді Қылкеңірдек. – Қожанасыр әпендінің есегін қалай жүргізгенін білесіңдер ме?

      – Қалай?

      – Алдына шөп байлап қойып жүргізеді ғой.

      – Оп, бәрекелді! Біз де сөйтейік!

      – Сенің де таппайтының жоқ! – деді Жарғақбас.

      Үшеуі сайда өсіп тұрған қара талдың қураған ұзын бұталарын сындырып әкеліп, оларды есектерінің мойындарына байлады. Есек-терінің бастарынан асып тұрған бұтаның екінші басына дайындап қойған құрақ шөптің бір-бір шөмелесін байлап қояды. Сөйтіп, есек-терінің басын қоя беріп еді, есектері шөп жеймін деп бастарын созып дедектеп жүріп кетті. Үшеуі шайлаларының астында жатқан күйі қарқылдап күліп, есектерін қырдан асқанша көздерімен шығарып салды.

      – Иә, олар қайда кетер дейсің, иелері біз емеспіз бе, қайтып келер.

      – Дұрыс, «Ат айналып қазығын табар» деген, ерте ме, кеш пе қайтып оралар.

      – Қайсысы озып бірінші келсе соның иесі жеңген

Скачать книгу