Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 4

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

ой жатыр.

      АҒАРЫП АЛДЫМА ТҮСПЕ

      ҚАРАЙЫП СОҢЫМНАН ҚАЛМА

      Бәйдібек бидің бәйбішесі – Сарықыз, екінші әйелі – Зеріп, кіші әйелі – Нұрила (Домалақ апа, Домалақ ене) деген кісілер болған. Сарықыз бәйбішелік жолын арқа тұта ма, жоқ әлде табиғаттың бойына дарытқан қасиеті ме, әйтеуір, төңірегіне қатал, адуын мінезімен танылады. Әсіресе ақыл-парасаты кемел Нұриланы Бәйдібек биден қызғанып, қисынсыз жерде мінез көрсетеді екен.

      Бірде Нұрила тезек теріп үйіне қайтып келе жатса, алдынан Сары (Сарықыз) бәйбіше шығып, қамшы жұмсай бастапты. Сары бәйбішенің Нұриланы жазықсыз зәбірлеп жатқанын көрген келіні Сыланды (Иісті) жүгіріп шығып араша түседі. Адуын бәйбішенің сермеген қамшысына арқасын тосып, Нұриланы қорғаштайды.

      Осы оқиғадан кейін Сыландыға риза болған Нұрила: «Ағарып алдыма

      Кәдік* – қауіп, зақым.

      түспе, қарайып соңымнан қалма», – деп батасын береді.

      Дуалы ауыз, қасиетті Нұриланың батасы қабыл болып, Сыландының ұрпағы өсіп-өнеді. Бірақ, көптігі жөнінен Нұриланың ұрпағынан асқан емес. Бұлай болуы Нұриланың «Ағарып алдыма түспе, қарайып соңымнан қалма», – деген батасына байланысты еді дейді.

      Бәйдібектің тоқалы Нұриладан – Тілеуберді (Жарықшақ), Жарықшақтан – Албан, Суан, Дулат тарайды. Бұларды қараүйсін деп те атайды.

      Жалмамбеттің екінші әйелі Сыландыдан – Ысты, одан – Ойық, Тілік, Сызық туған. Жалмамбеттің кіндігінен тараған шапырашты, ысты, ошақты аталарын жинақтап «Ақүйсін» деп те атайды.

      АҒАШ ЕКСЕҢ, КҮНӘҢ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

      Ертеде бір қандықол қарақшы тәубе еткісі келеді. Ол Шайқы Бұрқы әулиеге келіп:

      – Мен қырық жыл бойы қан төктім. Зұлымдықтан басқа іс жасамадым. Енді тәубеме келдім. Не амал жасасам, Алла күнәмді кешеді? – деп сұрайды. Шайқы Бұрқы:

      – Жол жиегіне жеміс ағашын ек. Өткен-кеткен жолаушылар саясына паналасын. Жемісін жесін, шөлін қандырсын, – дейді.

      Қарақшы жолдың жағасына көп ағаш егіп, баптап өсіреді. Арада бірнеше жыл өткенде ағашы жайқалып, бауға айналыпты Жолаушы дем алып, керуен ат шалдыратын саялы баққа айналады. Бір күні Шайқы Бұрқы жолаушылап келе жатып, қарақшының бауына кезігеді.

      – Бұл кімнің бағы? – деп сұрайды.

      – Баудың иесі жоқ. Жергілікті жұрт «қарақшының бағы» деп атайды. Қарақшының өзі он жыл бұрын дүниеден озыпты дейді.

      Шайқы әулие бақтың жемісін жеп, сол жерде түнейді. Түсінде баяғы қарақшыны көреді. Ол жұмақтың бағында отыр екен. Төбесінен нұр құйылып тұрады.

      Шайқы:

      – Ей, Алла, бұл не хикаят? Қарақшының төбесінен нұр не үшін себезгілеп тұр? – деп сұрайды.

      – Мұның еккен ағашының саясына сан адам келіп дем алды. Жемісін жейді. Соның сауабы өзіне ақиретте өшпес азыққа айналды, – дейді. Шайқы Бұрқы ұйқыдан көңілді ояныпты.

      Содан бастап ел арасында «ағаш ексең, күнәң жеңілдейді»

Скачать книгу