Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 7

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

неше түрлі сөздерді айтып, жылап-еңіреп, елдің ығырын шығарады. «Қой» десе, одан бетер өршеленіп, баласының тынышын алады. Әйелдің бір қайнысы: «Күйдірді ғой» дейді де, ел тарап, ымырт түсе, үстіне үлкен тонды теріс киіп, неше түрлі нәрсені даңғырлатып, сыңғырлатып, киіз үйдің шаңырағынан секіріп түседі де, жеңгесіне қарай қорбаңдай жүреді. Сол кезде үрейі ұшқан әйел:

      Даңғырлаған, даңғыр құдай!

      Саңғырлаған, саңғыр құдай!

      Алатының мен емес,

      Алдыңда әне жатыр, құдай! – деп, екі қолымен баласын көрсетіп, өзі есікке қарай тұра қашыпты.

      АЛАШ – АЛАШ БОЛҒАНДА,

      АЛА ТАЙ АТ БОЛҒАНДА,

      ТАҢБАСЫЗ ТАЙ, ЕНСІЗ ҚОЙ БОЛҒАНДА,

      АЛАША ХАН БОЛҒАНДА

      Есте жоқ ескі заманда Сыр бойында отыз екі баулы (рулы) елді билеген Қызыларыстан атты хан болса керек. Күндердің бір күнінде Қызыларыстанның жорықта олжа болған әйелінен ерекше бір ұл бала туады. Баланың тұла бойы алапес болса керек. Қызыларыстан хан баласының алапес болып туғанын жаман ырымға балап, Бетпақтың шөліне апарып тастайды (аңыздың келесі бір нұсқасында Сырдың суына ағызып жібереді). Тағдыр жазып алапес балаға перзенттен зарығып жүрген бір пақыр тап болып, асырап алады. Бала ақылына қайраты сай жігіт болып ер жетеді. Төңірегіне даңқы жайылып, Алаша атанады.

      Алашаның даңқы Қызыларыстан ханға да жетеді. Содан, хан өзінің қараша биі Қотанмен ақылдасқан екен (аңыздың кейбір нұсқасында Майқы бидің де аты аталады), Қотан би: «Нағыз ер болса, елге қорған, жұртқа пана болар, ордаға шақырайық», – деп, Үйсін деген үлкен ұлының жанына жүз жігіт қосып аттандырады. Үйсін Алашаны іздеп тауып, таныс-біліс болған соң, сонда қалып қояды. Келесі жылы Қотан би Ақжол (Болат деп те айтылады) деген баласының жанына жүз жігіт қосып аттандырған екен, ол да Алашаның жанында қалып қояды. Қотан би үшінші жылы Алшын деген кіші ұлының жанына жүз жігіт қосып аттандырса, олар да қайтпапты.

      Сөйтіп, Алашаға келіп қосылған үш жүз жігіт үлкен күшке айналып, төңірегіне ықпалын жүргізіп, өсіп-өнеді. Алаша хан болып, қарауындағы ел Алаш жұрты атанады. Алаш жұрты өсіп-өне келе Үйсін бастаған жүз жігіттің әулеттері – Ұлы жүз, Ақжол бастаған жүз жігіттің әулеттері – Орта жүз, Алшын бастаған жүз жігіттің әулеттері – Кіші жүз болып белгіленеді. Қазақ арасында күні бүгінге дейін айтылатын «Алаш – Алаш болғанда, ала тай ат болғанда, таңбасыз тай, енсіз қой болғанда, Алаша хан болғанда» деп басталатын қария сөз сол заманнан жетсе керек.

      АЛҒАНДЫ БІЛГЕНДЕ,

      БЕРГЕНДІ БІЛМЕСЕҢ, ЖЕТЕСІЗ БОЛАРСЫҢ

      Қашаған би қыдырып келген құдасына кетерінде бүкіл елге әйгілі Қаракеш жорғасын мінгізіп жібереді. Бұған баласы Әбіттің ренжігенін сезген би:

      – Алғанды білгенде, бергенді білмесең, жетесіз боларсың, – депті.

      Сол құдасы қонақ болып барған Әбітке атан түйе сыйға тартқан екен.

      Жалпы адамдар арасындағы қарым —қатынас өзара сыйластықпен, барыс-келіспен және алыс-беріспен де нығая түсетінін ұмытпау керек.

      АЛЛАҢНАН ОЙБАЙЫМ ТЫНЫШ

      Бір күні бір адам ауырып,

Скачать книгу