Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы страница 8

Қанатты сөз – қазына. 1-кітап - Кеңес Оразбекұлы

Скачать книгу

тілімізде кездесетін «Алпыс екі айлалы» деген сөз тіркесі қандай да бір жанның, кісінің бойындағы қулық-сұмдық, айлакерлік қасиеттерін әсірелеп, өсіріп айтқанынан пайда болған.

      АЛТЫ АЙ ҚЫС, АЛТЫ АЙ ЖАЗ

      Бір қыста жер жүзін мұз басып, мал қырылып, қалғандары сіңірі шығып, әупірімдеп жазға зорға жетіпті. Ауыр қыстан әбден запыс* болған жануарлар есін жия келе ақылдасыпты, пәле Үркердің жерде жатпай, көкке шығып кетуінен болды. Ендеше Үркерді көкке шығармай, кезек-кезек басып тұрайық деп олар пәтуа* жасап, пәлен жерде Үркер жатыр дегенді естіп, іздеп шығады.

      Жылқы, сиыр, түйе өзара «Мен жүйрікпін, мен жүйрікпін» деп бәстесіп, жарысып келе жатса, алдарында шөптің арасында бірдеме жылтырап жатыр. Сөйтсе, ол Үркер екен. Бұрын жеткен жылқы Үркерді басайын десе, сиыр «Мен басамын» – деп, мүйізін шайқап, оны жолатпайды. Үркер басында он екі жұлдыз екен.

      Сиыр Үркердің алтауын ғана басып қалып, қалған алтауы тұяғының арасынан шығып, аспанға ұшып кетеді. Міне қыстың алты ай, жаздың алты ай болуы сондықтан. «Алты ай қыс, алты ай жаз» деген ұғым да содан туындапты.

      Егер жылқы тұяғымен басса, онда Үркер түгел жерде жатар еді де, мәңгі бақи жаз болар еді.

      – Ыстықта оқыралап шауып жүргеннен де, сақылдаған сары аязда сықыр-сықыр басып жүргенім жақсы, – деп жауап беріпті Сиыр.

      Халқымыз бір жылдағы он екі айды суық, ыстық мезгілдер деп шартты түрде осылайша екіге бөледі. Осы бір жыл – он екі айдың өтпелі екенін ұғындырғысы келгенде де «Алты ай қыс, алты ай жаз» деп қысқа қайырғанды жөн көреді.

      АЛТЫ АЛАСЫҢ, БЕС БЕРЕСІҢ БАР

      Бір кедей жігіт темір ұстасына көрікші болып жалданады. Жалақысына күн сайын үш теңге алып тұруға уәделеседі. Бұған жігіттің әке-шешесі қуанып қалады. «Әрқайсымызға күніге бір теңгеден келетін болды ғой», дейді шешесі мәз болып. «Балам, жылына бір мың сексен теңге алатын болыпсың», —дейді әкесі. Жігіт ұстаханада мінсіз еңбек етеді. Көрік басумен бірге балға соғады, көмір тасиды, су әкеліп, от та жағады. Ұста жасаған ат тағаларын,

      кетпені мен орағын базарға апарып сатып, ақшасын әкеліп беріп тұрады.

      Ұста мекерлеу адам болып шығады. «Көріктің шанағын жардың, балғаның сабын сындырдың, көмірді күл етіп жібердің, сатқан бұйымдардың ақшасын түгел әкелмедің», —деп, ол жігітті әр жолы кінәләй береді.

      Жыл өтеді. Есеп айырысатын күн келеді.

      – Балам, алты аласың болса, бес бересің де болады, —деп, ұста көрікшіге

      Запыс* – ығыры шығу.

      Пәтуа* – келісім.

      жарты қалта теңге беріп, арқасынан қағып, шығарып салады.

      Жігіт үйге келгенде, әке-шешесі одан қанша теңге әкелгенін сұрайды.

      – Ақшаның алты аласын алып, бес бересін беріп келдім, —дейді.

      Ұста көрікші жігітке қанша ақша төлеген?

      Түсінектемесі: Ұста келісім шарттағы бір мың сексен теңгені алтыға бөліп, соның бір бөлігін ғана көрікші жігітке берген. Басқасын «бес бересі» ретінде

Скачать книгу