Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева страница 4

Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева

Скачать книгу

та, Ақордаға жібердік. Бір аптадан кейін Қауіпсіздік кеңесінің жиыны болатыны ескертілді. Менің үстімнен қарайтын басшылардың барлығы сол сәтте орнында болмай шықты – әдейі кетіп қалды ма, әлде жағдай солай болды ма, білмеймін. Олар ұлттық компания басшыларының жалақысы туралы есеп берулері керек еді. Бір күн бұрын Қауіпсіздік кеңесінің қызметкері хабарласып, баяндаманы оқитын адам жоқ, соны сіз оқисыз деп айтты. Мен қызмет лауазымым бойынша Қауіпсіздік кеңесінде баяндама жасауға тиісті емес едім. Бірақ, басқа амалым болмады. Ертең қандай шу боларын ойлап, жалақы кестесі мен халықаралық тәжірибе бойынша шетелде мемлекеттік компаниялардың жалақысы қалай жасақталатыны туралы бір парақты ала салдым.

      Біздің сауал екінші кезекте тұрған. Мен есіктің сыртында күтіп тұрдым. Бір сағаттан кейін Қауіпсіздік кеңесінің мәжіліс залынан Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері шықты. Оңтүстік Қазақстан облысындағы СПИД-тің таралуына байланысты министрді орнынан алды. Сол сәтте жаңасын тағайындады.

      Біздің сауал менің баяндама жасауымнан басталды. Мен жалпы ұзынсонар баяндама жасамайтын адам едім. Ал, бұл сауал баяндамасыз да түсінікті болған. Ұлттық компания басшыларының бір айлық жалақысы туралы кестені оқып бердім. Фамилияларын атамадым. Онсыз да жүйкелері тозып отырған қатысушылардың қитығына тигім келмеді.

      Сараптамада не дедім? Жалақы тым жоғары. Ұлттық компаниялардың жалақысын реттейтін нормалар жоқ. Дамыған елдерде жалақыны заңмен реттеп, директорлар кеңесі тағайындайды.

      Мәжіліс залында қырық адам отырған: Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері мен ұлттық компания басшылары. Баяндама соңында екі бет қағазымды бекіткен канцеляриялық түйреуіш жерге түсіп қалғанда зал іші шыбын ызыңы естілердей мүлгіген тыныштыққа оранды. Өз орныма қалай жеткенімді білмеймін. Мен жүріп келе жатқанымды ұрыс-керіс басталып кеткен еді. Президент әрбірін орнынан кезек-кезек тұрғызды. Кейбірін бірден орнынан алып тастады. Мәжіліс залынан бәріміз моншадан шыққандай малмандай су болып шықтық. Мәжіліс залынан шыға салысымен журналистерге арналған брифингке де мен қатысуым қажет екені айтылды. Журналистер холлда камералары мен микрофондарымен дөңгелене тұра қапты. Кешке үйге жеткенімде мұндай жиынға қатысқаннан бір қора тасты аударыстырған оңай ма деп ойладым.

      Қауіпсіздік кеңесінің жиыны сияқты жиналыстар өте көп болды. Президент жұмыс істеуге, тапсырылған министрлікті дамытуға шақыратын. Одан кейін сондай ұрысқа беріс керісті Премьер-министрлер жасайтын.

      Ендеше не себепті елде тиімді мемлекеттік басқару қалыптаспады? Себебі, бәрі бір адамның ырқына тәуелді еді. Тек соның ықтиярымен, не соның сенімді адамдарының қолдауымен ресурстарға қол жеткізуге болатынын жұрттың бәрі білді.

      Бірде Үкімет мүшелері мен ірі бизнес өкілдерін қабылдап отырған үлкен бір жиында Президенттің: «Әрбіріңді түрмеге отырғыза аламын», – деген сөзі бар. Яғни, мемлекет

Скачать книгу