Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева страница 7

Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева

Скачать книгу

түкпірінде демалыс бөлмесі болады. Ол бөлмеде диван, үстел, теледидар (маңызды делінген мемлекеттік не әлемдік жаңалықтарды көру үшін) тұрады. Мен жұмыс істеген кезімде теледидарды бірде бір рет қоспадым. Себебі, Үкімет жиындарына өзім баратынмын. Әлемдік жаңалықтарды кешке таман үйде көретінмін. Әдетте хатшының міндетіне министрге шай қойып беру кіреді. Уақытты оңтайландыру үшін осы бөлмеге бір шәугім қойдық. Шайымды өзім қойып ішетінмін. Хатшы қыз бұл міндетінен босатылды.

      Жүргізушіден де бас тартып, көлікті өзім айдасам ба деген ойым болды. Бірақ, көлік айдап үйреніп үлгермедім. Жүргізуші болғанының үлкен пайдасы бар – жол-жөнекей көптеген құжатты оқып тастайсың.

      Мен басқарған бірінші жылы көптеген жаңалық енгіздік. Приоритетте – статистикалық формаларды қайта қарап шығу, соларды электронды форматқа көшіру, статистиканы жасаушылар мен қолданушыларды оқыту, департамент директорларын жиі шақырып, осы тақырыптарды талқылайтынбыз. Жұмысты қалай істеу қажетін бәрі түсінген соң тапсырма беру үшін оны электронды желіге жазатынмын немесе департамент директорлары және мәселеге қатысты қызметкерлерді шақыратынмын. Қызметкерлер кабинетіме кіргенде отырмайтын – мен дереу не істеу қажетін түсіндірем, сұрақтарыңыз болса сұраңыздар деймін, сосын олар жұмыстарына қайтып оралатын.

      Уақыт зымырап жатқандай еді. Модернизация күшіне енген кез. Халық санағын өңдеп бітірсек, мемлекеттік қызметтен кете берсем болады деп ойлап едім. Мен әркез басшыларымнан мемлекеттік қызметтен кетуді өтінетінмін, олар маған: «Мынаны реформалап тастайық, сосын кете берсең болады. Сосын, міне, мынаны реформалайық, сосын болады», – деуші еді. Солай он жыл өтті.

      Агенттікте бір жыл істеген соң маған Үкіметтен бір адам келді. Өз мәселесін айта отырып, сөз арасында: «Сізді Парламентке депутат болып ауысайын деп жатыр дейді ғой», – дегенді қыстыра кетті.

      Мен таң қалдым.

      – Қайда? Жоқ, мен ешқайда ауыспаймын. Парламентке мүлде бармаймын. Мұндай жаңалықты кімнен естідіңіз?

      – Ел айтып жүр…

      Яғни, бір жыл өткен соң біреу менен құтылғысы келген. Статистикалық есептің бәрін электронды форматқа көшіру, ведомстволық статистиканы біріктіру, салық есебін қоса есептеу реформалары біреуге жақпаған.

      Қазір ғой, 2009-жылдың наурызы, Агенттік он жылда бір өтетін үлкен іс-шараны – Халық санағы мен тұрғын үй қорын есептеуді – 27-ақпан мен 6-наурыз аралығында өткізіп жатқанына мәре-сәре еді. Өңірлерде санақ бланктерін заманауи сканерлермен өңдеу басталған. Дәл сол бланктер – жеті түсті, әдемі, қалың қағазға, үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылған, реттік нөмірі мен қорғалатын штрих коды бар бланктер Агенттіктің тұтас басшыларының түрмеге түсуіне себепші болады деп кім ойлаған?

      Халық санағы

      Адамдар дүниеге келеді, оқиды, жұмыс істейді, отбасын құрады, тұратын жерін өзгертеді. Баспананы жалдайды, сатып алады. Зейнетке шығады, белгілі

Скачать книгу