Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева страница 10
Тұтқаны қойдым да, оның ашуланғанына өзім де біраз есеңгіреп отырып қалдым. Погон таққан адаммен бетпе-бет келген алғашқы сәтім осы еді.
Бұл мәселеге қатысты жиналыс Президент әкімшілігі басшысы орынбасарының кабинетінде Қаржы полициясындағы тергеу басталып, екі орынбасарым тұтқындалған соң бірнеше айдан кейін өтті. Мен жиналыстарға кешіксем, ешкім себебін сұрамайтын. Елдің бәрі Қаржы полициясына тергеуге барып жүргенімді біліп алған. Ал, Қаржы полициясындағы тергеу кез келген жиналыстан маңызды еді! Мен емін-еркін кірдім де, бос орынға отыра кеттім. Үстел өте кең еді. Басымды көтерсем… қарсы беттен маған – Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы қарап отыр. Ол қызарып кетті. Әрине, ұялғаннан емес. Ол ашулы еді. «Айыпталушы» онымен бір үстел басында, бір жиналыста не деп отырады? Президент әкімшілігі басшысының орынбасары менің атымды атап, пікірімді сұрағанда, ол орнынан тұрып кете жаздады…
Екі статистика қосылмады. 2009-жылғы Статистика агенттігіне қатысты жағдайды бағалау да бірдей болмады, менің бағалауым бөлек, әркімді айыптау басты міндеті саналатын Қаржы полициясы агенттігі төрағасының ойы бөлек боп қалды.
Канада
Канадаға кетуім, әрі іссапар, әрі дамылдау болды. Статистиканы дамыту бойынша халықаралық конференцияны Канаданың Оттава қаласында орналасқан Статистикалық кеңсе ұйымдастырған еді. Агенттікте жасалған екі жарым жыл бойғы модернизациядан соң біздер сараптама жасау мен мәлімет тарату бойынша жаңа деңгейге шыққан едік. Сәуірде менің атыма Оттавадағы конференцияға шақырту келген еді. 2009-жылдың мамырының соңына таман арналған шақырту екен. Екі айдан бергі толассыз қысым мен тексерістен шаршап, ұшып кеттім. Тым құрығанда бір апта емін-еркін тыныстайын деген ой болды. Мені Канаданың Статистикалық ведомство басшылығы қуана қарсы алды. Құдды бір ескі таныстарын көргендей күй кешті. Статистикада жүрген екі жыл – шын мәнінде өте аз мерзім. Статистика – өте ұқыпты, ұзақмерзімді процесс. Бұл саладағы адамдар он жылдап, кейде өмірбақи жұмыс істеп жатады. Бірақ, мені елдің бәрі білетін. Мен халықаралық сессияларға жиі қатыстым, өзекті әрі даулы тақырыптарды талқылауға белсене атсалысатынмын, Агенттік қызметкерлерін оқытуға әртүрлі елден сарапшылар іздейтінмін.
Мені Канададағы Қазақстан елшісінің резиденциясын көруге шақырды. Кішігірім ағаш коттедж. Елші сабырлы, қарапайым кісі екен. «Қазақстаннан келген бірінші қонағымыз өзіңіз болдыңыз», – деп жымиды. Шығыстың тәттілерін ұсынып, шайға шақырды. Туған елдің жаңалықтарын сұрады. Бұл кісі жаңадан тағайындалған еді. Ол хаттама, дипломатиялық істермен шектелмей, Қазақстан-Канадаға қатысты ортақ жобаларды жасауға белсене кірісіп жатқаны байқалды. «Канаданың