Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева страница 12

Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева

Скачать книгу

Қызым әлі ұйықтап жатыр. Шабаданды ашып тастадым. Тұра сала сыйлықтарды көрсін дегенім. Үкімет үйіне келе жатырмын. Таңғы 08.30. Қабылдау бөлмесінде күтіп отырмын. Адвокат қоңырау шалды. «Қайдасыз?»

      – Қабылдау бөлмесінде отырмын.

      – Жақсы. Мен сізді Қаржы полициясының жанында күтем.

      Премьер-министрмен кездесу

      Премьер-министрге кірдім. Бірнеше жыл қызметтес болғалы алғаш рет көмек сұрадым. Менің тек 5 минутым бар екенін ескерткен.

      – Не боп қалды?

      – Менің орынбасарымды тұтқындапты.

      Таң қалған кейіп жасады:

      – Рас па?

      Көп жылдық тәжірибесі бар саясаткерлер өз эмоциясын көрсетпейді. Өз басым орталық мемлекеттік органның орынбасарын тұтқындауды Үкімет басшысына ескертпей жүзеге асыру мүмкін дегенге ешқашан сенбеймін.

      – Ант етейін, біз ештеңе ұрламадық. Баятов санақты басқарды. Мен де, ол да, мердігерлердің қаржыны қолма-қол ақшаға ауыстырғанын білмедік.

      – Жақсы. Мен бұл мәселені ескерейін.

      – Ал, орынбасар ше?

      – Сен орынбасарың үшін де сұрап тұрмысың?

      – Әлбетте. Ол еш жамандық істемеді. Оның көзіне қалай қарамақпын?

      Тергеуші

      Тергеушілер әртүрлі болады. Олардың түсінік алуы тәсілдері де қилы-қилы. Қаржы полициясы ғимаратына 09.15 келдім. Кіргізетін қағазды рәсімдеуді күтіп отырмыз.

      – Тергеуші кім? – деп сұрады адвокат.

      Шақырту қағазына қарасам – Әміров Марат деп тұр екен.

      – Марат – салыстырмалы түрде айтсақ, жақсы тергеуші, – дейді адвокат.

      Менің түрім бұзылып кетсе керек. «Жақсы тергеуші бола ма?»

      – Рас-рас, ол басқаларына қарағанда боқтап сөйлемейді, әдепті әңгімелеседі, – деп қосып қойды адвокат.

      Адвокат сөзінің растығына тергеу барысында көзім анық жетті. Біздер қуықтай кабинетке кірдік. Компьютерде жап-жас, сымбатты жігіт отыр.

      Тергеу басталды. Мен үндемей қалсам, адвокат мен үшін жауап береді.

      Тергеуші:

      – Анар Ертөлеуқызына сөз беріңіз.

      Ол кезде маған әлі де әкемнің атын қосып айтатын. Себебі, әлі де Үкіметтің мүшесімін ғой.

      Адвокат:

      – Анар Ертөлеуқызы басында сәл қиналыңқырап отыр, – деді.

      Тек басында ғана қиналмадым. Адвокат әркез не айту қажетін білді. Тергеуші көп сұрақ қойды. Тергеу біткенше сансырап қаласың. Адвокат мұндай істерде маған қарағанда тәжірибесі мол адам.

      Мен, әйтеуір, басшы болып жаным қалған секілді. Қызметкерлер жұмыс істеу қиын боп кетті деп айтып жүрді. Себебі, Қаржы полициясы таңертеңге шақырады да, күні бойы сарылтып дәлізде күттіртіп қояды. Тергеуге кешке таман бір-ақ кіргізеді. Бірақ, менің қолымнан түк келмеді. Құқық қорғау органдары басқа органдардан бір саты жоғары тұрады. Егер олар елдің көзінше біреуді айыптаса, ары қарай тоқтамайды.

      Тергеуші шын мәнінде әдепті екен. Өзін

Скачать книгу