Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева страница 9

Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева

Скачать книгу

келеді: жарнама елдің бәріне жетті: естімеген көрді, көрмеген естіді. Басқа министрліктерден келіп жарнамалық кампания тамаша жүріп жатқанын айтып, тәжірибемен бөлісуді сұрайды. Әрине, біздің мақсатымыз тек жарнама емес, оның нәтижесі – елдің Санаққа қатысуы. Дегенмен, көңіл тоқ.

      2009-жылдың 27-ақпаны – Санақ басталды. Санақ бойынша учаскелер ел ішін қамтыды. Жалданған санақ жүргізушілер – негізінен студенттер, көк мойынорамал тағып, санақтың логотипі бар көк сөмкелерін асынып, көше-көшеде жұмыс істеп жатыр.

      Кей министрлер «арызданып» жатты. Уақыттары жоқ, ал санақ жүргізушілер бланк толтыр деген «шабуылын» бастап кетті дейді.

      Санақ жүргізушілермен болған хикаяларды жергілікті және орталық газеттер басып жатты. Біреу санақ кезінде атасын тауып алыпты. Біреулер қараусыз қалған, әлеуметтік тұрғыда қамтылмаған қарияларды тауыпты. Санақ жүргізуші қыз түнделетіп үй-үйді аралайды. Санаққа қатысқан жігіт оны шығарып салады. Сөйтіп, үйленеді. «Санақ – менің өмірімдегі тамаша оқиға болды», – дейді санақ жүргізуші қалыңдық.

      6-наурыз – Санақ бітті.

      Менің Статистика агенттігіне келген 2007-жылғы 28-ақпаннан бастап Санақ біткенге дейінгі, яғни 2009-жылғы 6-наурызға дейінгі мезетті бүкіл команда, күллі Агенттік – тек бір деммен өткердік. Бәрі модернизацияға қатысты. Ортақ іске әрбірі өзінше үлес қосқанын сезінді.

      Басты цифрды санаудың бірінші есебі – елдегі тұрғындар санын анықтау, Санаққа параллельді түрде жүрді. Бірінші цифрлар бар. Ух дедік. Ол кезде проблеманың бәрі алда күтіп тұрғанын білмедік…

      Тергеу

      2009-жылдың сәуір айын орталай Санаққа қатысы бар жандарды Қаржы полициясына шақырта бастады. Мен, менің екі орынбасарым, Санақ департаменті мен Бюджеттік жоспарлау қызметкерлері, заңгерлер. Мен Қаржы полициясы тиісті сұрақтарын қойып, сонымен бәрі бітеді деп ойлап едім. Бірақ, қысым үдей берді.

      Сол сәтте ұжымдық үрей деген қандай болатынын көрдім. Басында қызметкерлер Қаржы полициясына барып келген соң маған кіріп, не сұрағанын, не деп айтқанын тәптіштеп баяндайтын. Сұрақтары кәдуілгі сұрақтар болып көрінді. Сосын қызметкерлер маған кірмейтін болды. Шамасы, тергеушілер жағдайды ушықтыруға тырысты. Қорқытып, үркітіп, басшылық қылмыс жасады, ал түрмеге сендерді отырғызады деп қоқан-лоққы жасап, басшылықпен араласпа дегенді айтса керек.

      Қазақстанда әрбір мемлекеттік органның бірінші басшысына режимнің қосымша көмекшісі беріледі, яғни ҰҚК қызметкері бекітіледі. Сәуірде менің көмекшімді өзгертті. Жаңа көмекші танысуға келді. Жағдайды шешеміз деп маған қолдау білдірді. Оның қолдауы немен тынғанын тұтқынға түскеннен кейін істі қарағанда білдім. Ол Бюджеттік жоспарлау департаментін шақырып алып, менің үстімнен Қаржы полициясына ұжымдық арыз жазуға көндірген. Бірақ, департаменттің бес қызметкері соған қол қойған екен. Алайда, арызы жалған еді. Бюджеттік жоспарлау департаменті бәрінен қатты қорыққан. Себебі, тендер мен төлем үшін солар жауап береді. Бюджеттік департаментте істеген бір ғана жас

Скачать книгу