Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева страница 8
«Әркім маңызды» слоганын мен ойлап таптым. Артынан әлемдік санақ үшін де дәл осындай слоган таңдалғаны белгілі болды. Бірақ, ағылшын тілінде. Мен елім үшін марқайып қалдым.
Санақ бюджеті 2007-жылы бекітілген. Ол кезде Агенттікке енді келгем. Статистика жүргізушілер жұмысының бүге-шігесін әлі білмейтінмін. Сондықтан, біздің алдымыздағы Агенттік қызметкерлері жасаған бюджетпен жұмыс істедік. Бланктер бағасы – 15 теңге, бұны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ұсынып, бекітіп берді. Егер Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгілі бір тауар не қызметке баға ұсынса, мемлекеттік органдар мүлтіксіз келісетін. Әйтпесе, министрлік бюджетіңізге қол қоймайды. Санақ сауалдары бұл кезде әлі жасақталмаған еді. Агенттік мысал болатын бланктің түрін ұсына алмады. Себебі, қызметкерлердің өзі бланкті қалай жасауды білмеді. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мысал ретінде Орталық сайлау комиссиясы бланктерінің бағасын алды – ақ-қара түсті, жұқа қағазда, мәтіні жарты бет – 18 теңге. Министрлік біздің бюджет қызметкерлеріне 15 теңгенің ішіне тасымал және басқасы кірмейтінін айтқан. Келесі жылы үстіне қосамыз дейді. Келесі жылы бюджетке санақтың жарнамасына деп тек бір телевизиялық роликке жететін сома қосылған.
Маусым… Шілде… Тамыз… 2008-жылы – бланктерге, басқа да санақ құралдарына байқау жариялау керек. Сауалдар тізімі дайын емес. Агенттік ішінде талас-тартыс жүріп жатты, біресе салалық министрліктерден тізімге қосымша ұсыныстар түседі.
Қыркүйек. Тізім дайын. Байқау жариялауға болады.
Үшеуі бірден кірді – Санақ департаменті директоры және менің екі орынбасарым. «Бланктерді басып шығару үшін алты вагон қағаз керек, біздің елде мұндай қағаз жоқ. Елде бланктерді жылдың соңына дейін толық басып шығаратын типография жоқ». Үшеуі де абдырап қалған.
Не істейміз? Модернизация жасаймыз деп Санақ дейтін ауқымды іске қанша уақыт пен ресурс кететінін алдын ала есептемегенбіз. Мен Үкіметке барып көмек сұрауым керек дегенді ойламаппын. Мен басшы болғандықтан, проблеманың бәрін өзім шешуім қажет деп ойладым.
Қызметкерлерімнің Қазақстанда бланк әзірлейтін мүмкіндігі жоғын тағы бір пысықтап алып, сол кезде Ресей Федерациясы Президентінің байланыс пен бизнес бойынша кеңесшісі болып жұмыс істейтін досыма хабарластым. Ол бір аптадан кейін хабарласты. Екі ірі типография бар деді. Бірі – Мәскеуде, біреуі – Санкт-Петербургте. Мәскеудегісі бос емес. Санкт-Петербургтегі басып беруге дайын деді.
Тендер жарияланды. Бюджеттік департаменттің принципшіл директоры Санкт-Петербургтің «Полет» типографиясын өткізбей тастады. Себебі, тендерге қатысу үшін типографияның жұмыс өтілі үш жыл болуы тиіс екен. Ал, «Полет» небәрі екі жыл он ай ғана жұмыс істеп жатыр екен. Тендерді «Таик» деген типография жеңіп алады. Бұл