Өмір – сынақ. Анар Мешимбаева
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Өмір – сынақ - Анар Мешимбаева страница 13
Менің қатал бағалаушы екенімді білетін. Формаға статистер көзімен емес, қарапайым қолданушының көзімен қарайтынмын. Сондықтан қызметкерлер қатты алаңдайтын. Бірақ, ол алаң – қуаныштың алаңы еді. Әрбірі өзінің ортақ іске үлес қосқанын сезінетін.
Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы Алматыда қалған. Сондықтан статистикалық көрсеткіштерді есептеуді ескі әдістермен жасайтын. Әр программистке бірнеше форма бекітіледі. Программист ауысқан кезде жаңа бағдарлама жазылатын. Соның кесірінен электронды ақпараттық базаны жасақтау оңайға түспеді. Агенттіктің сәйкеспейтін мәліметтерін ешкім түзегісі келмеді. Сондықтан Ресейде рейтинг бойынша үшінші боп тұрған IT-компанияны жалдадық. Олар РФ Орталық банкінің мәліметтер базасын жасап берген. Әртүрлі саладан алты түрлі статистикалық формалар таңдалды. Мәскеулік программистер, алматылық Ақпараттық-есептеу орталығы, сосын кейіннен оларға соңғы екі жылда құрылған астаналық Ақпараттық-есептеу орталығы қосылды. Бәрі бірге жұмыс істеді. Жаңадан алғашқы мәліметтерді жинап, өңдейтін IT-бағдарламалар жазылды. Ақырғы мақсатымыз барлық форманы электронды форматқа ауыстырып, Агенттік департаменттеріне қарасты қызметкерлерді статистикалық шығыс деректерді электронды есептеуге оқытқымыз келген.
Параллельді түрде құрғақ статистикалық цифрларды жинақ, буклет, Статистика агенттігі мен өңірлік кеңселер сайттарына көшіріп басып, ел көретіндей жасадық. Бұны шақыртылған финн сарапшысымен және Норвегияның Орталық статистика бюросымен бірлесе отырып жүзеге асырдық.
Лауазымына қарамастан Агенттіктің әр қызметкеріне жаңа идеясы бола қалса, маған келуге рұқсат болды. Төрт жылдан кейін сотыма келген Статистика агенттігінің бір департамент директоры сөз сөйлеп тұрып:
– Біздің идеяларымызды жүзеге асыруға жол ашты. Кімнің қандай бастамасы болса-дағы, бәріне карт-бланш берді. Меніңше, сол кез Статистика агенттігінің алтын кезеңі болды, – деп еді.
Шығармашылық еркіндік болды. Қызметкерлер жұмысқа қуана келетін. Мемлекеттік органдарда мұндай атмосфера жиі кездесе бермейтін.
Бірінші орынбасар
Мұндай атмосфераны жасап, әрдайым қолдау білдіретін – бірінші орынбасарым Біржан еді. Оның аты да өзінің рөліне сай еді. Біржан десе, Біржан еді. Біз қызметкерлердің тату болғанын қаладық, Агенттіктің жаны бір болсын дедік.
2007-жылы Агенттікке Президент әкімшілігінен бірге келгенімізде жұмыс деген бастан асатын. Мәселен, Агенттікті Алматыдан Астанаға көшіру керек, жаңа есептеу орталығын жасақтау, статистиканы электронды форматқа