Бақыт жолы. Олжас Сеитов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 10

Бақыт жолы - Олжас Сеитов

Скачать книгу

ол алғашқы жақсы бағаларын алса, университетте жақсы атқа ие болса, алғашқы махаббатын кездестірсе, алғашқы шәкіртақысын алса, ол біртіндеп осы шкаламен көтеріле бастайды да, мүмкін бір күні ақыл-ой, махаббат пен қуаныш деңгейіне жетеді.

      Бірақ, өкінішке орай, өмірде бәрі де оңайлықпен бола қоймайды. Өйткені біздің ақыл-санамыз осы шкала бойынша төмен түсіп кетуі оңай, ал көтерілуі қиын болатындай етіп қалыптасқан!

      Мысалы, жақсы жаңалықтар әдетте бізді қысқа уақытқа ғана осы шкаламен көтереді, бірақ жаман жаңалықтар бізді «құлатып», ұзақ уақыт төменгі эмоцияда қалдыруы мүмкін. Осы себептен де дүниеде қайғы-қасірет пен ауру көп.

      Қуанышымызға орай, мұның түсінікті себептері бар. Алда қалған векторлардың (ойлар, дене, есте сақтау) механизмдерін қарастыратын боламыз, сонда неліктен түпсанамыздың осындай тұзағында екенімізді және бұл тұзақтың табиғаты қандай екенін жақсырақ түсінесіз. Ең бастысы, өмірдегі жағдайлар сізге бірнеше ауыр соққы беріп, сізді эмоциялар шкаласының төмен деңгейіне дейін «шегелеп тастағанына» қарамастан, сіз осы заңның әділетсіздігімен күресуді және тез арада өз-өзіңізді қайта қалпына келтіруді үйренесіз.

      Алдымен біз эмоциялармен байланысты бірнеше нюанстарды қарастыруымыз керек. Бұл эмоциялар шкаласында шатастыратын жайттар көп болғандықтан, оның мән-жайын анықтап алуымыз керек.

      Сонымен бірінші нюанс – біз ӨМІРДІҢ ӘРТҮРЛІ САЛАСЫНДА әр түрлі эмоцияларды бастан кешеміз. Яғни, адам жұмысында өте байсалды болуы мүмкін, ал достарымен әңгімешіл болады, үйде болса, тіптен түсініксіз басқа күйде болуы мүмкін. Негізі бұл, солай болуы тиіс кәдімгі жайт. Барлығымызда да сәтсіздіктері мен қысымдары аз болатын өмірдің салалары бар, сондықтан бұл салаларда өзімізді мейлінше бақытты сезінеміз. Егер бір ер адам әрдайым футболдың үздік ойыншысы болған болса, ол 35 жасында, қызығы жоқ жұмысы мен отбасындағы ұрыс-керістерге қарамастан, достарымен футбол алаңында ойнауға шықса, кенеттен қуаныш пен энтузиазмға дейін көтерілуі мүмкін. Немесе егер тұрмыстағы жас қыз әжесінің ең сүйікті немересі болған болса, күйеуімен арасындағы проблемалар мен ауыр жұмыс аптасынан кейін, әжесіне барып уақыт өткізгені эмоциясын өте жоғары деңгейге көтеріуі мүмкін. Басқаша айтқанда, адам жұмысына бейтарап қарауы, достарына қастық, ақшаға немқұрайдылық, хоббиіне көтеріңкі көңіл және көлік жүргізуге қорқыныш сезінуі мүмкін. Сондықтан, сіз адаммен «алыстан» араласқанда, жалпы алғанда, оны орташа деңгейдегі эмоцияда көре аласыз, ал онымен жақынырақ араласқанда, оның осы орташа эмоциядан жоғары да, төмен де күйін көресіз. Бұл кәдімгі жайт.

      Екінші нюанс – күні бойы біз ТҮРЛІ ОҚИҒАЛАРҒА байланысты бір эмоциядан екіншісіне АУЫСА АЛАМЫЗ. Әрбір кішігірім жағдай да бізді шкала бойынша төмендетеді не көтереді. Мысалы, таңертең сіз бейтарап күйде оянуыңыз мүмкін. Кофе ішкен соң ақыл деңгейіне көтерілесіз. Ұйықтап жатқан балаларды көріп, сіз махаббат деңгейіне көтірілдіңіз.

Скачать книгу