Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 9
Бірақ бақыт деңгейін тек сыртқы белгілерге ғана қарап біле аламыз ба?
Әрине, мұны оның сезімдерінен, эмоцияларынан оп-оңай түсінуге болады! Егер адам үнемі күлімсіреп жүрсе, өмірдегі кішкентай нәрселерден қуаныш таба алса, өз жұмысына ынталы болса, отбасы туралы сүйіспеншілікпен айтса, демек оның бақыт деңгейі өте жоғары деген сөз. Ал керісінше, егер сіз адамның үнемі көңілсіз, наразы, баяу және ашуланшақ екенін байқасаңыз, оның бақыт деңгейі төмен деген сөз. Яғни, әр адамның қаншалықты бақытты екені, былайша айтқанда, «маңдайында жазулы тұр».
Алайда, адамның эмоцияларына қарап бақыт деңгейін анықтағанда, сіз жаңылысып та қалуыңыз мүмкін. Мысалы, сіз адамдардың қайсысы бақыттырақ екенін анықтай аласыз ба: қорқып тұрған адам ба, әлде ашуланып тұрған адам ба? Немесе, апатиядағы адам ба не қайғыға батқан адам ба?
Жағымды эмоциялармен шатаспайтын шығарсыз, бірақ жағымсыз эмоциялармен оңай жаңылысып қалуыңыз мүмкін. Қайғы, апатия, ұялу, кінә, қорқыныш, агрессия, аяушылық – бұл эмоциялардың барлығының айқын иерархиясы (бөліктердің не элементтердің жоғарыдан төменге қарай орналасуы) бар. Адамдар бұл туралы аса ойлана бермес, негізі олардың барлығын бақыт пен бақытсыздық деңгейі бойынша жалпы бір шкала етіп қатарластыруға болады.
Эмоциялардың әр түрлі шкаласы бар. Мысалы, біз әр эмоцияның күшін көрсететін Дэвид Хокинстің «Сана-сезім картасына» қарай аламыз. Сонымен, шкаланың ең төменгі жағында – ұятқа қалу, маскара болу эмоциясы, ал ең шыңында – жадырау тұр. Мен сізден осы картаны және эмоциялар иерархиясын мұқият қарауды сұраймын. Бұл шкала бойынша толық бақытқа «жадырау» деп аталатын ең жоғары деңгейде болғанда қол жеткізуге болатынын анықтай аласыз. Ал ұятқа қалған кезде сіздің бақыт деңгейіңіз нөлге тең. Ашуланғанда, кішкене ғана бақыт болады, ал қайғыда бақыт мөлшері одан да аз. Бұл ойды бірден қабылдау қиын болар, бірақ уақыт өте келе оның дұрыстығына көз жеткізетін боласыз.
1 Кесте. Эмоция шкаласы (Дэвид Хокинстың сана-сезім картасы)
Тағы мынадай қорытынды жасауға болады – азап шегу мен жағымсыз бейнелер неғұрлым көп болса, эмоцияңыз соғұрлым төмендейді. Керісінше, бақыт пен позитивті бейнелер көп болған сайын, сіз осы шкала бойынша жоғары деңгейге көтеріле бересіз.
Кейінгі тарауларда біз осы жағдайлардың кейбірін толығырақ қарастырамыз. Ал әзірге бақыт деңгейіміз осы шкаланың қай деңгейінде тұрғанымызға тікелей байланысты екенін түсіну жеткілікті.
Түсінуіміз керек келесі жайт – негізі біз осы шкаланың айтарлықтай жоғары деңгейіндегі күйінде дүниеге келеміз, бірақ уақыт өте келе өмірдегі жағдайлар, сол деңгейімізден бізді түсіре бастайды. Қарапайым тілмен айтқанда, санамыздағы жарқын бейнелерді жоғалтқанда, біз осы шкаламен төмен түсеміз, ал жарқын бейнелер орнап не оларды