Бақыт жолы. Олжас Сеитов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 8

Бақыт жолы - Олжас Сеитов

Скачать книгу

бес жасар қызына киімін былғағаны үшін ұрысып жатқанын көреді. Бұл 13 жасар жасөспірім қызымыз дәл осы сәтте бұл балаға қатты жаны ашып, ал баланың анасына ашулы болады. Ол баланы қорғағысы келеді және барлық әйелдерге қатысты түсініксіз ренішті сезінеді. Осы кезде ол тіпті өз анасына да себепсіз ашулануы мүмкін. Сіз қызыңызбен маңызды бір нәрсе туралы сөйлескіңіз келеді, ал ол кенеттен ойы жан-жаққа шашырап, зейінсіз бола бастаған, сондықтан сіздің сөздеріңіз оны ызаландыруы мүмкін. Бұл күніге болып жүрген қалыпты жағдай сияқты. Сондықтан қызыңыздың көңіл-күйі болмай тұрған шығар деп ойларсыз. Немесе ол көшеде ұзақ жүріп шаршаған болар, не қыңырлық танытып тұр деп те ойлауыңыз мүмкін. Сол себептен оған ұрысқыңыз келер. Бірақ бұл жерде 13 жастағы қыздың түпсанасына үңілмейінше, ешкім де көре алмайтын нақты бір себеп бар.

      Шындығында, көршісі баласына ұрысып жатқан жағдай, біздің 13 жасар қыздың түпсанасында бұрын пайда болған бейнені қозғап жіберді! Оның үш жасында бастан кешірген естеліктері, сезімдері мен эмоциялары оянып белсенді бола түсті. Оның түпсанасы, бұл жағдайдың қабырғаға сурет салып, түсқағазды бүлдіргені үшін анасы оны ақымақ деп атаған кездегі жағдаймен ұқсастығы бар деп қабылдады. Түпсанадағы осы ақаудың кесірінен анасы сол күні еш жаман әрекет жасамаса да, ол сол сәтте анасына ашулана бастайды!

      Сонымен, қандай жайттар анық болды?

      Мынадай маңызды 4 элемент анықталды:

      1) баланың болған жағдайға реакциясы, бір сөзбен айтқанда, оның ЭМОЦИЯЛАРЫ, немесе, кейінірек түсінетініңіздей, оның бақытты болу деңгейі;

      2) баланың санасында пайда болатын ОЙЛАРЫ, көзқарастары мен тұжырымдары;

      3) ДЕНЕ сезімі, ондағы өзгерістер. Бұл бұлшықет, гормоналды, жүйке жүйесінің күйі мен саулығын және т.б. физикалық проблемаларды қамтиды.

      4) болашақта баланың мінез-құлқындағы проблемаларға және жүріс-тұрысына әсерін тигізетін ЖАДЫНДА сақталған бейнелер.

      Бұл төрт элементтің әрқайсысының ғылыми түсіндірмесі бар, оларды дәл болжауға және бақылауға алуға болады. Осыларды біле отырып, бақытты әрі өте қабілетті баланы тәрбиелей аласыз. Айналаңыздағы жайттарды өз бақылауыңызға ала аласыз. Ең бастысы, ӨЗІҢІЗДІ және ішкі дүниеңізді анағұрлым жақсы түсіне аласыз! Тағы да маңыздысы, өзіңізді жақсы жаққа өзгертуді үйренесіз, анағұрлым бақыттырақ әрі табысты боласыз, осылайша өміріңізді ғажапқа айналдырасыз.

      Ыңғайлы болу үшін біз бұл төрт элементті ВЕКТОРЛАР деп атаймыз. Пейнхантинг бізге барлық төрт вектор бойынша өзгеруге көмектеседі. Оларды оңай есте сақтау үшін мыналарды білдіретін «ДОСЕ» аббревиатурасын қолданамыз:

      1) дене;

      2) ой;

      3) сезім (эмоция);

      4) есте сақтау (жады).

      Бұл төрт вектордың маңызы өте зор. Өмірімізде жақсы не жаман жағдай болғанда, біз көрсетілген барлық векторлар бойынша өзгереміз. Және

Скачать книгу