Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 17
Жалпылау, баламалап ұқсату да қауіпсіздік қызметінің қасиеттері болып табылады. Белгілі бір адамның кесірінен зардап шеккен қауіпсіздік қызметі, енді әрбір адамда қауіпті көре бастайды. Мысалы, егер бір жас қызды 30 жасар интелегентті, ұзын бойлы, сымбатты жігіт тастап кетсе, қауіпсіздік қызметі «интелегенттінің бәрі оңбаған», «бойшаңдардың бәрі сенімсіз», «сымбатты жігіттердің бәрі қатыгез» және «30 жастағы ер адамдардың бәрі қауіпті» деген тұжырымдарды жазып алады. Осыдан көрінетіндей, қауіпсіздік қызметі туралықтан алыс. Ол тек жалпылауды және ұқсатуды біледі. Тіпті егер бір күні қыздың 30 жастағы жігіті пайда болып, ол аласа бойлы және сымбатты болмаса да, қауіпсіздік қызметі оның бойында да қауіпті көреді, өйткені жігіт 30 жаста!
Ал даму қызметінің, қауіпсіздік қызметінен айырмашылығы, біліне бермес айырмашылықтарды, ұсақ-түйек бөлшектерді анық көреді және жалпылауды ұнатпайды. Егер сіз өте бақытты адамдарды кездестірген болсаңыз, олар: «бәрі солай дейді», «барлық еркектер оңбаған» немесе «барлық әйелдер қаншық» деген сөздерді өте сирек қолданатынын байқаған боларсыз. Олар осылай айтқан күнде де, мүмкіндігінше нақтылап, шектен шығудан аулақ болуға тырысады. Мысалы, олар: «кейбір әйелдер онша мейірімді емес» немесе «әке тәрбиесін көрмей өскен ер адамдар көбіне сенімсіз болады» дейді. Олар: «ешқашан бұлай істеме», «сен өмірі кешігіп келесің», «сеннің ақымақ екеніңді бүкіл әлем біледі» немесе «сен өмірі сәтсіздікке ұшырайсың» деген тіркестерді сирек қолданады. Ал бұл тіркестердің барлығында да баламалап ұқсату бар екені анық. Адам бір рет қателесті, ал оның байғұс досы енді оған өмірі қателесіп жүретінін айтады. Бақытсыз адам біреуден досы туралы жағымсыз сөз естіп, оған: «Сені бүкіл әлем жамандап айтып жүр» дейді. Бақытты адам мұндай жағдайларда мәліметті асыра сілтемей, өте тура жеткізеді немесе бұл туралы мүлдем айтпайды да.
Кейбір адамдар «теңестіру, сәйкестендіру» дегенді дұрыс түсінбейді. Сондықтан мен бұл ұғымды аздап түсіндіргім келеді. Теңестіру не сәйкестендіру деген – белгілерді есепке алу, мәнін анықтау немесе бір фактілер тобын басқаларымен салыстыру арқылы сәйкестікті орнату. Мысал келтірейін: бір әйел Африкада болғанда безгекпен ауырып қалады. Осы кезде түпсана мынадай теңестіруді жазып алды: «Африка = безгек», немесе «Африкаға барлық сапарлар безгекпен аяқталады». Яғни, бір ғана жағдай әсіреленіп, жалпыланып, осыдан қате теңестіру пайда болады. Безгек – мың белгілердің бірі ғана. Бірақ енді түпсана Африканы тек безгекпен ғана сәйкестендіріп тұр. Немесе безгекті тек Африкамен теңейді.
Мысалы, ата-анаңыз сіз ән айтып, би билегенде сізге ұрысатын болған болса, сіздің санаңызда «Қуаныш = азап шегу» немесе «қуаныш = жаза» деген ақымақ теңдік жазылады. Міне, қате теңеу деген осы. Ал болашақта достарыңыз сізді дискотекаға шақырғанда, би кезінде немесе оның алдында, қауіпсіздік қызметі