Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 21
Осындай өзара байланысты ескере отыра, кейінірек сіз пейнхантингтің көмегімен барлық тәндік аурулардың ішінде емделуі ең оңайы – эндокриндік аурулар екенін байқайтын боласыз. Гормоналды бұзылулар – эмоционалды дисбаланстың тікелей белгісі болып табылады. Адамның өмірінде бірдеңе дұрыс болмаса, гормондар деңгейі де бұзылады. Сондықтан пейнхантингті қолдана отырып, сіз ең алдымен эндокриндік жүйені ретке келтіре аласыз.
Сол сияқты, теріңіздің күйі де айтарлықтай жақсарады. 10-20-дан астам тиімді сеанстардан өткен адамдардың барлығы дерлік, өз жасынан бірнеше жылға жас көріне бастаған. Бұдан басқа, дене қалпы түзеледі, адам жігерлі, көңілді болады.
Мұндағы ең қызық жайт, пейнхантингтің мақсаты, адамды жасарту мен тән саулығын жақсарту емес. Пейнхантинг сіздің жан жараларыңызды жоюға және гармония мен бақытты қалпына келтіруге бағытталған. Осы орайда тән саулығының жақсаруы түріндегі пейнхантингтің жанама әсері, денсаулықты түзетуге бағытталған басқа терапияларға қарағанда, әлдеқайда асып түсуі мүмкін.
Мұның себебі, барлық аурулардың жартысынан көбі психосоматикалық сипатта болады. Әрбір созылмалы аурудың ағзада үнемі бұзылулар тудыратын түп-тамырлы ойы бар. Егер осы созылмалы ойды жойса, денеміз үйлесімді, дұрыс қалпына, яғни сау күйіне жылдам оралады және әртүрлі аурулармен өзі күресе алады. Ал егер бұл созылмалы ойды елемейтін болсаңыз, онда сіз оның физикалық деңгейдегі салдарын үнемі емдеп отыратын боласыз.
37-тарауда сіз көптеген психосоматикалық аурулардың себептерін бүге-шігесіне дейін білетін боласыз, сондай-ақ оларды біржола жою жолын да үйренесіз. Ал қазір өзіміз үшін негізгі ойды шегелейік:
Ойларды өзгерту арқылы, біз бір уақытта жадымыздағы бейнелерді, эмоционалдық күйді, сонымен қатар денеден көрініс табатын белгілерді де өзгертеміз.
Алайда сіз ойларыңызды өзгертуге тырыссаңыз да, ешқандай ғажап өзгерістің болмағанын айтатын шығарсыз. Мұны істеудің оңай емес екені рас. Сіз бұрын орын алған оқиғада адамның тартқан азабы қаншалықты көп болса, ойлары да соншалықты бастан кетпейтінін, санаға нықтап жабысып алатынын білдіңіз. Ал жан азабын жоймайынша, жаман ойлардан да ешқашан арыла алмаймыз. Осы орайда сіздің қатты таң қалатыныңыз анық, өйткені ешбір емші, коуч, психолог сізді жан азабынан арылта алмайды. Демек жағдай тығырыққа тіреледі.
Неліктен психологиядағы жүздеген әртүрлі әдістер нәтижесіз болып жатады және неге жан жараларын емдеу – осы қарапайым тапсырманы орындау – қиынға соғады? Неліктен психологиядағы көптеген әдістермен алынып тасталған