Бақыт жолы. Олжас Сеитов

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 23

Бақыт жолы - Олжас Сеитов

Скачать книгу

тұлғалық топтарға және үлгілерге сай болуыңыз үшін сізді «қыспақтауға» үздіксіз тырысып бағу. Сіз психологқа отбасыңызда қиындықтар бар екенін түсіндіресіз, психолог болса жауап ретінде сіздің «күлгін-ішек-интровертті» екеніңізді, ал әйеліңіз «қызылкүрең-бүйрек-рационалды» тұлғаға жататынын айтады. Бұлардың не қажеті бар? Олар пайдасыз ғана емес, сонымен қатар зиянды! Өмірде біз әртүрлі уақытта, әртүрлі күйде боламыз. Мысалы, мектепте сіз тұйық болдыңыз делік, мұның себебі сол уақытта ата-анаңыз ажырасып жатқан болатын. Содан кейін ата-анаңыз қайта қосыла бастағанда, сіз кенеттен ашық-жарқын болдыңыз. Сосын әкеңіз маскүнем болып, анаңызды күнде ұрғаны үшін ашу-ызаға берілдіңіз, кейін анаңыз жүрек талмасынан қайтыс болғанда депрессияға ұшырадыңыз. Демек, әр деңгейде сіз әртүрлі күйде болдыңыз. Сондықтан, адамға табиғатынан тұйықсың деу, үлкен қателік. Ешкім де табиғатынан тұйық болмайды.

      Адамды көбінесе шығармашылыққа бейім деп айту да, қателік. Бұлай деуіңізбен сіз оны бірден шектейсіз! Мүмкін ол үлкен саясаткер болғысы келген шығар, ал сіз оның тумысынан суретші екенін дәлелдеп, шешіміне араласасыз! Сондықтан да адамдар психологқа барар алдында жүз рет ойланады, өйткені психологтар олардың нәзік жан дүниесін дұрыс түсінбей, қандай да бір психологиялық шаблонды тым тез «жабыстырады» деп есептейді.

      Алтыншы жолы – адамды кінәлау сезіміне итермелеу. Сіз психологқа қызыңызбен айырылысқаныңызды айтасыз, ал психолог сіздің бойыңыздан агрессияны байқап, сізді «төмендеткісі» келеді. Сөйтіп мәселеге басқа жағынан, яғни қызыңыздың тарапынан қарауға кеңес береді. Осылайша ол сіздің дос қызыңызға болған жағдайдың қаншалықты ауыр тигенін түсінгеніңізді қалайды. Көптеген психологтар бұл әдіс адамның естілігін арттыруға көмектеседі, клиент өз іс-әрекетінің дұрыс-бұрыстығы туралы ойланады деп есептейді. Бірақ көп жағдайда, клиент өзінің әрекеті дұрыс болмағанын жақсы түсініп тұрады. Ол неліктен өзінде өзгеге жамандық жасауға деген бастан кетпейтін ойы бар екенін түсінбейді. Ол одан құтылғысы-ақ келеді. Бірақ психолог оны одан бетер өзін кінәлауына итермелеп, адамды ұяң да жасқаншақ етеді. Адамның өз әрекетіне сырттай қарап, кінәсін түсінгені, оны мықты етпейді. Бұдан ол бақытты боп кетпейді. Қайта ол одан сайын өзгелерден шеттеп, тұйықталып кетуі мүмкін.

      Жетінші әдіс – иландыру және гипноз. Психологқа барып, тамақты тым көп жеуге деген құштарлықтың кесірінен, артық салмағыңыз бар екенін айтып шағымданасыз. Психолог сізді гипноздап, нан – бұл жиіркенішті қоқыс тәрізді немесе әрбір артық калорий үшін күйеуіңізден айырылып қалуыңыз мүмкін деген команданы ендіреді және басқа да қауіпті ережелер береді. Негізі бұлай ету, адамды басып, төмендетуге жатады. Адамның еркіндігі онсыз да аз. Онсыз да ол өзін шектеулі және бақытсыз сезінеді. Сіз болсаңыз, оның үстіне тағы бір қорқыныш пен кінә сезімін артып тұрсыз, осылайша оны тұлға ретінде жоясыз. Сондықтан да адамдар гипнотерапиядан соң, уақытша жеңілдік алады да, бірақ

Скачать книгу