Бақыт жолы. Олжас Сеитов
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Бақыт жолы - Олжас Сеитов страница 20
Әрине, мұны даналықпен істеу үшін, сіз өзіңіз де өте жақсы күйде болуыңыз керек және сіздегі қауіпсіздік қызметінде жағымсыз бейнелер болмауы керек. Бірақ, бұл жағдайда оқырмандардың кем дегенде 90% -ы баланы аяй бастайтынына не оның өзін кіналайтынына немесе баланы жазалайтынына, тіпті оны ренжіткен балаларды ұрғысы келетініне сенімдімін. Дәл осы жерде «адекватты емес» вирусы пайда болады, ол балаңыздан достарына, достарынан басқа адамдарға және т.б. беріледі.
Алдымызда бала тәрбиесі және жанжалдарды шешу туралы бөлек тарау болады.
Ал әзірше, түпсанамыздың негізгі механизмдерін түсінуіміз керек.
Біз «Есте сақтау» векторын талдадық, енді маңыздылығы жағынан кем тұрмайтын соңғысына, «Дене» векторына көшейік.
November 27
1.9 тарау. «Д» ВЕКТОРЫ – пейнхантинг нәтижесінде дене қалай өзгереді?
Бізбен жақсы не жаман нәрсе болғанда, денемізде қандай өзгерістер болатынын қарастырайық.
Адам өміріндегі барлық жанға батар проблемалардың оның сыртқы көрінісіне, келбетіне із қалдыратынын байқаған боларсыз. Мысалы, егер сіз бүкірейген адамды кезіктірсеңіз, онымен сөйлескеннен кейін оның өмірінде көп қысым мен ауыртпалық болғанын, өзін қарыздар сезінетінін және арқа сүйер ешкімі жоқтығын анықтай аласыз. Егер сіз үнемі гайморитпен ауыратын адамды кездестірсеңіз, онымен сөйлескеннен кейін сіз оны бұрын біреу тастап кеткенін, қорғансыз қалғанын, көз жасын тыйып, шағымдарын айта алмай өмір сүргенін байқайсыз. Ал егер сіз қабағын түйіп алған адамды көрсеңіз, оның өмірбаянынан қатал ата-ананы және қолдау мен сүйіспеншіліктің болмағанын біле аласыз.
Қысқасы, біздің денеміз бен бет-әлпетіміз ішкі күйіміздің қандай екенін толығымен көрсетеді. Тәжірибелі пейнхантер уақыт өте келе, адамның жан дүниесін екі секунд ішінде сканерлеу қабілетіне ие болады. Негізі адамның эмоционалдық күйі, өмірінің қаншалықты ауыр өткені және түпсанасындағы негізі ақаулары туралы қорытынды жасай алу үшін, адамның көздеріне, бет бұлшықеттеріне, дене қалпына қарау жеткілікті.
Денедегі өзгерісті пейнхантинг сеансы болып жатқан кезде-ақ байқауға болады. Егер адам бастапқыда ашу эмоциясында болса, сіз оның қабағы түксигенін, көздері қызарғанын, денесі тырысып тұрғанын, қимылдары өткір, дауысының қатты әрі агрессивті екенін байқайсыз. Осы кезде сіз оны эмоциялар