Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 2

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

ал скифтер оны «Силис» деп атайды. Димодамант, жауынгер Селевк және Антиохи (Александр Македонскийдің әскер басшылары) осы өзеннен кесіп өтіп, өздеріне Танаид өзенін ашқан», – дейді. Ежелгі антик авторлары жазбалары «Яксарт» деп Сырдария өзенінің орта ағысы бойының жергілікті тұрғындарының атағанын, ал Арал мен Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы скифтердің бұл өзенді «Силис» деп атағанын нақтылайды. Антик авторлары бойынша «Яксарт» атауы Сырдарияның бір бөлігі, яғни қазіргі Тәжікстанның Худжант қаласы мен Ташкенттің аралығындағы бөлігіне саяды.

      Сырдарияның «Яксарт» атауына қатысты этимологиясын анықтаған ғалымның бірі – И.Маркварт. Ол: VIII ғасырдағы ежелгі түркі жазуларындағы «Йенчӱ – ӱгӱз» – «Гаухар өзен», сол кезеңдегі қытай жазуларындағы «Чжен-чжу-хэ», «Таза гауnарлы өзен» деген атаулар ежелгі иран тілдік материалдардағы «Яксарт» атауының жергілікті аудармасы, қытай транскрибіндегі «Jy-ṧa», «jok-ṧat» сөздері «таза гауnар» деген мағына береді, – деп жазады. Ортағасырлық авторлар әл-Масуди (Х ғ.) жазбасында Сырдария – Яхшарт, әл-Бируниде (Х-ХІ ғ.) – Хашарт, Бабырнамада – Сейхун атауларымен кездеседі. Дегенмен, ортағасырлық тарихи-географиялық әдебиеттерде Шығыс Аралдың топонимикасына қатысты деректер саны шектеулі, өзен бойындағы ірі қалалар атауы өзеннің белгілі бір бөліктеріне қатысты қолданылған. Мысалы, «Шаш өзені», «Ходжент өзені». Сырдария өзенінің Сейхун атауы да орта ғасырларға саяды. Бабыр жазуларында Сейхун өзені «Ходжент сулары» топтамасына енгізілген. «Тарихи-Вассаф» жазбасына сүйенсек, нақты «Сыр» сөзінің қалыптасуы XIII-XIV ғасырларға саяды, Жошының ұлдары мен немерелерінің Жент маңындағы ордасы «Сыр орда» деп аталған.

      И.Г.Маллицкий мен Д.Т.Таджиевтер «сыр» сөзінің этимологиясын Орта Азия халықтарының говорындағы «сир об» сөзімен байланыстыра отырып, мағынасын «көп су», «мол су» деп түсіндірген. Шетелдік ғалымдар Е.Лейман мен Ф.Росенберг Шығыс Түркістан сақ және соғды құжаттарынан «ṧirӓ», «ṧyr» сөздерін тауып, оның «жақсы», «өте жақсы», «көп», «көбірек» деген мағына беретіндігін оқыған. Квинт Курция Руф ортаазиялық сақтардың сиымдылығы үлкен ыдысты «сир» деп атағанын анықтаған.

      «Сырдария» атауының этимологиясына қатысты зерттеулерді ғылыми ізге түсірудегі белгілі ғалым С.Кляшторный мынадай қорытындыға келген: 1) «Яксарт» атауы алғаш рет б.э.д. IV ғасыр оқиғасын баяндайтын жазба деректерде кездесіп, Сырдария өзенінің жоғарғы және орта ағысы бойына қатысты қолданылған, «Jy-ṧa – arta» – «таза гауnарлы өзен» этимологиясының жойылуы, жергілікті иран тілінің бірте-бірте түркі тілі говорымен ассимиляциялануымен байланысты; 2) «Сыр» атауы – ежелгі сақ тіліндегі өзеннің төменгі ағысы бойына қатысты атауы. Екі мыңжылдықта бұл атау сақталып қана қойған жоқ, сонымен бірге XV-XVI ғасырларда ортаазиялық екі өзен аралығын Арал өңірі көшпелі өзбек тайпаларының жаулап алуымен өзеннің барлық ағысына таралған. Яғни топонимикалық, ономастикалық жазба деректер «Сыр» атауының осы жерді мекендеген

Скачать книгу