Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 6

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

(1730-1750)» атты еңбегін жариялады. Кейін бұл журнал материалдары Г.Ф.Миллер құрастырған төрт томдық «История Сибири» атты жинаққа енді. П.И.Рычковтың жоғарыда айтып өткен еңбегі де сирек кітаптар қатарын құрағандықтан Орынбор губерниясының Статистикалық комитеті 1896 жылы қайта басып шығарды. Бұл шығармасында Арал, Сырдария өңірінің этногеографиясымен қатар, осы өңірді мекен еткен бірқатар рулардың аттары, қоныстары аталады, ежелгі кәсіпшіліктер қамтылып өткен. Бұл еңбектердің Орынбор өлкесін мекендеген ру-тайпалардың этникалық тарихын зерделеудегі маңызы зор [317]. П.И.Рычков осы еңбегінде Ұлы жүз қазақтары Ташкент, Түркістан өңірінде, Орта жүз қазақтары Түркістаннан Арал теңізіне қарайғы аймақта, Тобыл, Есіл өзендері, Ақсақал көлі, Қарақұм және Сібір өлкесінің елді мекендерінде; Кіші жүз қазақтары Каспий теңізі, Ор, Елек, Торғай, Жайық өзендері, Сырдария өзенінің Аралға құяр аймағында көшіп қонады, – деген [317, 71].

      Бас штабтың генерал-майоры Александр Константинович Гейнс 1865-1867 жылдары Түркістан өлкесін басқарудың Ережесін жасау мақсатында қазақ даласына саяхат жасап, қазақтардың көшпелі тұрмысын, әдеттік құқығын, әлеуметтік қатынастарын зерттеген, нәтижесінде оның авторлығымен «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару Ережесі» жасалған. 1866 жылдың 1 тамызында Қарақұмға келіп жетіп, одан әрі Қазалы, Перовск өңірінің этнографиясын күнделікке түсірген, тамыздың аяғында Түркістанға аттанған. Оның «Собрание литературных трудов Александра Константиновича Гейнса» деген атпен жарық көрген 3 томдық жазбаларының 2 томы Сыр өңірі сапарын қамтыған. А.К.Гейнс 1866 жылдың маусым, шілде айларында Николаев (Ақтөбе), Ырғыз уездерінде болып, онда Сыр өңірлік көшпелілерді кездестірген және Сыр өңіріне батыс арқылы келген. Автордың жазбалары жергілікті қазақтардың мерзімдік жайылымдарға көшуінің дәстүрлі ережелерін саралауға нақты деректер береді [334].

      Сыр өңірі қазақтарының тарихи-мәдени мұраларын кезінде жинақтап, қағаз бетіне түсіріп, кейінгі ұрпаққа артында мұра қалдырған тұлғаның бірі Иосиф Антонович Кастанье. И.Кастаньенің «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегінен Перовск және Қазалы уездеріндегі Сыр өңіріндегі ертедегі ескерткіштермен қатар, этникалық тарихына да қатысты құнды мәліметтер табуға болады [168]. Осы автордың «Из области киргизских верований» атты мақаласы Сыр қазақтарының арасында жүргізілген бақылауының нәтижесінде жазылған, онда Сыр өңіріндегі бақсылық өнердің дамуы мен ерекшеліктері көрсетілген [169]. Ал, «Культ змей у различных народов и следы его в Туркестане» атты мақаласы қазақтарының байырғы дүниетанымындағы наным-сенімдер жүйесін нақтылауда көмек болды [170]. И.Кастаньенің «Надгробныя сооружения киргизских степей» атты еңбегінде Перовск және Қазалы уездеріндегі мазар, кесене тұрғызу ерекшеліктері, жерлеу ғұрпындағы ерекшеліктерді баяндаумен қатар, фотоқұжаттық деректер берілген [167]. Автордың «Поездка по Тургайской и Сыр-Дарьинской области (1906-1907) вдоль Ташкентской железной дороги»

Скачать книгу