Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева страница 7

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева

Скачать книгу

Ашнас или Эшнас (Асанас) и другие в Перовском уезде» [158], «Древние города, крепости и курганы по реке Сыр-Дарье, в восточной части Перовского уезда» [157], «Развалины «Сырлы-Таш» в Перовском уезде» [160], «Древние города и селения (развалины) в Перовском уезде в долине реки СырДарьи и Яны-Дарьи» [156], «Развалины древних крепостей по Яна-Дарье» [161], «По поводу сообщения А.А.Диваева о древних сооружениях «Тек-Турмас» и «Кок-Кесене» [159] т.б. хабарламалар жасап, жазбалары Археология әуесқойларының Түркістан үйірмесінің протоколдарына және Орыс археология қоғамының шығыс бөлімінің жазбаларына енген. В.А.Каллаур археологиялық зерттеу жүргізе отырып, көне қоныстарға қатысты жергілікті тұрғындар арасында тараған аңыз-әңгімелер, наным-сенімдерді жинақтаған. В.А.Каллаурдың Перовск уезіне қатысты археоэтнографиялық жазбаларының толық нұсқасы Ресей Мемлекеттің әскери мұрағатында сақталған.

      Белгілі әскери-шығыстанушы, этнограф, штабс-капитан Николай Николаевич Каразин де Түркістан өңірінің тарихи-этнографиясына ерекше із қалдырған зерттеушінің бірі. 1880 жылдары патшаның Қысқы сарайының Әскери галареясында Орта Азия мотивтері бойынша картиналар сериясының көрмесін жасап, бұл туындылар кейін Орыс музейіне табысталған. 1879 жылы Самара ғылыми экспедициясының құрамында болып, Самарқанд, Ходжент, Ұратөбе, Жизақ, Сыр бойы, Бетпақдаланы аралап, зерттеу нәтижелерін қағаз бетіне түсірумен қатар, қылқаламмен суретін де салып отырды. Соның бірі «Живописная Россия» басылымында жарияланған «Нижнее течение СырДарьи» [163] атты жазбасы және «От Оренбурга до Ташкента. Путевой очерк Н.Н.Каразина» атты еңбегі Сыр өңірі қазақтарының материалдық мәдениетін қамтыған [164].

      Түркістан әскери округінде 20 жылдан астам әскери қызметте болып, өз қызметін зерттеушілікпен ұштастырған әскери шенеушіктің бірі генерал-майор Лев Феофанович Костенко. 1880 жылы жарық көрген «Туркестанский край. Опыт военно-статистического обозрения Туркестанского военного округа» атты 3 томдық еңбегі Перовск және Қазалы уездерін, Арал бойын толығымен дерлік қамтыған. Л.Ф.Костенко сондай-ақ өз жазбаларын әр жылдары «Туркестанские ведомости», «Морской сборник», «Военный сборник» басылымдарында жариялап отырды. Солардың қатарында «Аральская флотилия и плавание по реке Сыр-Дарье» [185], «От Хивы до Казалинска» [186], «Аральская флотилия» [184], «Современное состояние Аральской флотилии и очерк ее деятельности» [187], т.б. жазбаларын атауға болады. Л.Ф.Костенконың зерттеуінше Сырдарияның Жанысу, Қуаңдария арналары Аралға құйған, кейін экологиялық себептен арналары кеуіп кеткен. Жанысу мен Қуаңдария арқылы Әмудария Сырдариямен жалғасқандығын дәлелдейтін топографиялық түсірілімдер картаға енгізіліп, 1875 жылы Париждегі Халықаралық географиялық конгресте көрсетілген [187, 198-199].

      Белгілі әскери шығыстанушы, географ, этнограф Николай Александрович Маев Орта Азия халықтарының тарихи-этнографиясын зерттеуге ерекше үлес қосқан тұлға. «Туркестанские ведомости» газетінде 1869-1892 жылдары редактор болып қызмет еткен жылдарында бұл

Скачать книгу