Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 13

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова

Скачать книгу

көздейтін мақсаты, бір жағынан , адамдардың табиғат тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз – әр азаматтың құқықы мен міндеті.

      Су ресурстарының сарқылуы және ластануы Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.

      Су объектiлерiне антропогендiк салмақ пен олардың қалпына келу қабiлетiнiң арасындағы теңгерiмсiздiк экологиялық қолайсыздықты iс-жүзiнде барлық iрi өзен бассейндерiне тән еттi, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткiлiктi қаржыландырмау су шаруашылық объектiлерiнiң барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйiне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленiсуiне себеп болды.

      Бұл проблемаларды шешу үшiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 21 қаңтардағы N 71 қаулысымен су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудiң негiзгi жолдары айқындалған Экономиканың су секторын дамытудың және Қазақстан Республикасы су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгi тұжырымдамасы қабылданды. Сондай-ақ халықты жеткiлiктi көлемде және кепiлдi сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен "Ауыз су" салалық бағдарламасы бекiтiлдi, Қазақстан Республикасының Су кодексi және "Cу пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, 2005 – 2010 жылдары негiзгi су бассейндерiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың схемаларын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстар жүргізiлетiн болады.

      Қабылданған бағдарламалық құжаттардың щеңберiнде 2005 жылы iске асырылуы суды қажет ететiн өндiрiстер дамуының қарқыны мен көлемiн шектeугe, су үнемдейтiн технологияларды, су пайдаланудың айналымды және тұйық жүйелерiн жаппай енгiзуге, өнiм бiрлiгiне және пайдалану шығындарына жекелей су пайдалануды азайтуға, су шаруашылық жүйелерiн есепке алу мен реттеудiң қазiргi заманғы құралдарымен жарақтандыруға мүмкiндiк беретiн сумен қамтамасыз ету жөнiндегi республикалық мақсатты бағдарлама әзiрлеу қажет. Бағдарлама су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң қолданыстағы ставкаларын саралау, су шаруашылық объектiлерiн ұстау мен жөндеу жөнiндегi шығыстарды өзiн-өзi ақтауға кезең-кезеңмен көшiре отырып, су пайдаланушыларға су жеткiзу жөнiндегi қызмет үшiн баға белгiлеудi оңтайландыру жөнiндегi iс-шараларды да қамтуы тиiс.

      Өзен экожүйелерiне ауыртпалықты азайту мақсатында және олардың ластануы мен қоқыстануының алдын алу үшiн 2005 – 2010 жылдар барысында пайдаланылатын барлық су объектiлерi үшiн су қорғау аймақтары мен жолақтарының жобалары әзiрленетiн болады,

Скачать книгу