Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 14

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова

Скачать книгу

бiрегей табиғи кешендердi сақтау мәселелерi жатады.

      Трансшекаралық экологиялық проблемалар елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақтылы сыртқы қатер болып табылады, оларды шешу халықаралық шарттар шеңберiнде көршiлес мемлекеттердiң бiрлескен iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.

      2003 жылдың басында Қазақстан Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына қосылды, бұл қауiптi қалдықтарды декларациялау жөнiндегi жаңа кеден ережелерiн белгiлеуге және кейiннен олардың қайталама шикiзат пен өнiм түрiнде республика аумағына олардың қайтадан түсуiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.

      Қазақстан трансшекаралық өзендердi ұтымды пайдалану және қорғау проблемасын шешуге бiрыңғай құқықтық тәсiлдердi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн Трансшекаралық ағын сулар мен халықаралық өзендердi қорғау мен пайдалану жөнiндегi Хельсинки конвенциясына қосылды. Алайда, Орталық Азия өңiрiнiң қалған елдерi бұл конвенцияға қосылмағандықтан, трансшекаралық ағын сулар ағыны дұрыс та әдiл пайдалануды қамтамасыз ету, қауiптi заттардың құйылуынан ықтимал трансше

      2005 – 2007 жылдары Қазақстан мен iргелес мемлекеттердiң шекаралас аудандарын экологиялық бағалау жөнiндегi бiрлескен зерттеулер жүргiзу;

      Орталық Азия мемлекеттерiнiң Хельсинки конвенциясына қосылуы жөнiндегi Қазақстанның бастамасын өткiзу арқылы трансшекаралық су проблемаларын шешу;

      бiрегей табиғи кешендердi сақтау мақсатында 2005 – 2006 жылдар барысында iшiнде Батыс Тянь-Шань мен Алтай-Саян өңiрiнде трансшекаралық биосфералық аумақтар құру қажет.

      Қабылданған шаралардың нәтижелерi ықтимал трансшекаралық экологиялық қатерлердi анықтауға, азайтуға және жоюға жәрдемдесетiн болады. Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттармен, трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы табиғатты қорғау конвенциясымен анықталатын шекаралас экожүйелердің табиғи әлеуетін пайдалану бойынша Қазақстан көршілес елдермен бірге шешімдерді әзірлеуді қажет етеді.Қазақстан мен Қырғызстанның трансшекаралық аумағындағы конвенцияның рәсімдерін практикалық жүзеге асыру үшін «Қырғыстан мен Қазақстанда трансшекаралық мазмұнда қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша БҰҰ ЕЭК Конвенциясын практикалық қолдану» пилотты жобасын іске асыру үшін негіз болған нұсқаулық пайдаланылды. Бұл нұсқаулық Орталық Азия елдері үшін ұжымдық және жеке дара шараларды қабылдауға негіз болып табылады.Жұртшылықтың қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізуге қатысуы ҚР Экологиялық кодексінде бекітілген. Бұл кодекстегі баптарға сәйкес болжанатын шаруашылық қызмет туралы мәліметтерін және экологиялық сараптаманың нәтижелерін БАҚ-на тапсырып, баспаға шығару міндеттілігі көрсетілген. Болжанатын іс-әрекеттердің экологиялық аспектілері мәселелері бойынша жұршылық пікірін ескеру мемлекеттік экологиялық сараптаманың жариялығы үшін, шекаралас халықтардың шешімдер қабылдауға рұқсаттылығын қамтамасыз етуге

Скачать книгу