Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 9

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова

Скачать книгу

құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Экологиялық қауіпсіздік бағытында Мемлекеттік саясаттың мақсаты, табиғи жүйені қолданудың қорғалуы.

      Әдебиеттер

      1. Ахметов Е.А., Әбілова З.Г., Бияшева З. Қазіргі заман жаратылыстану концепциясы (оқу құралы). Алматы: “Қазақ университеті” баспасы, 2003.

      2. Жатқанбаев Ж. Экология негіздері. Алматы: “Зият” баспасы, 2003.

      3. Бекмаганбетов Р. «Экономико-экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка»// Экология. Устойчивое развитие№ 12, дек. 2004 г

      4. Айтуғанова З.Ш. «Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері» дисс. жұмыс. 2003 ж.

      Кейс 2

      Тапсырма: Тұрақты даму индикаторының есебі

      Бұнда

      

– әлсіз тұрақтылық индикаторы

      

– жыл бойындағы жинақ

      

– адам қолымен жасалған негізгі капитал амортизациясы машиналар, құралдар, ипфрақұрылым)

      

– адами капитал(табиғи-ресурстық әлеует)

      Дәріс 4-6. Экологиялық қауіптер

      Дәріс мақсаты: экологиялық қауіптерге түсініктеме беру

      1. Жаһандық экологиялық қауіптер.

      2.Ұлттық экологиялық проблемалар.

      3. Жергілікті экологиялық проблемалар

1. Жаһандық экологиялық қауіптер

      Климаттың өзгеруі «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді.

      Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Yлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.

      Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тарапы болады.

      Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекітуінің мақсатқа сайлығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу қажет.

      Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөніндегі перспективаларды ашады.

      Киото хаттамасын бекіткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға

Скачать книгу