Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 7

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова

Скачать книгу

ортаны қорғау туралы", "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", "Экологиялық сараптама туралы", 1998 жылы – "Радиациялық қауіпсіздік туралы" Заңдар, ал 2002 жылы – "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" (1996) және "Мүнай туралы" (1995) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы – Орман, Су және Жер кодекстері қабылданды. Заңға тәуелді қажетті нормативтік-құқықтық актілердің көпшілігі әзірленіп, бекітілді.

      Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдың ұлттық жоспарларын әзірледі. Экологиялық сараптау жүйесі, рұқсат ету және бақылау-инспекциялық жүмыс жолға қойылды.

      Тұжырымдаманың міндеттерін орындау нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту және міндетгі экологиялық сараптаманы енгізу есебінен 90 жылдардың басымен салыстырғанда қоршаған ортаны ластаудың қарқыны едәуір төмендеді. Алайда, мемлекеттің экологиялық осал аумақ және шешілмеген экологиялық проблемалар мәртебесі сол күйінде қалып отыр.

      Жоғарыда аталғандармен байланысты елдің стратегиялық басымдықтарына сәйкес қазіргі жағдайдағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің міндеттерін түбегейлі қайта қарау, нақтылау және кеңейту көзделуде.

4. «Жасыл даму» бағдарламасы

      Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жасыл өсу» жоспарлары мен бағдарламаларын іске асыруда Азия және Тынық мұхит, Еуропа елдеріне серіктестік жәрдемдесу жолындағы «Жасыл көпір» атты Астана бастамасы жүзеге асырылуда. Бастама сектораралық, ішкі аймақтық және аймақаралық бекініске бағытталған. Қазіргі заманғы құралдар байланысымен сараптамалық және ақпараттандыруды қамтамасыз ететін «Жасыл өсу» кеңсесі құрылды. «Жасыл өсу» кеңсесі Қазақстан және Орталық Азия, Еуропа аймағында қызмет бағыттары тәжірибелері жөнінде толық ақпарат таратуға мүмкіндік береді. Қазақстанның энергиялық тиімді және төмен эмиссиялық технологияларды қолдану арқылы «Жасыл даму» жолын таңдауы қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтады, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік және

Скачать книгу