Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 3
Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы – экологиялық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық бағыттарын айқындай отырып, қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат пайдаланудағы экологиялық шектеулер арқылы мемлекетіміздің экологиялық қауіпсіздігін және тұрақты дамуының негізгі ірге тасы болып табылады. Бірақ, қазіргі мекемелер белгіленген лимиттерді және қоршаған ортаны қорғау талаптарын үнемі орындай бермейді. Мекемелер экологиялық акцияларды жүргізу барысында қазіргі және болашақ ұрпақ алдында қоршаған ортаның ластануының алдын алу жауапкершілігін біледі. Бірақ, экологиялық зиянды қызметпен айналысатын адамдар пайда табудың арқасында, өз уақыттарын экологиялық жағдайдың қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қолайлы жағдай жасауға жұмсамайды. Сондықтан да мемлекет экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші субъект ретінде барлық субъектілерге бірінші кезекте экологиялық мүдденің тұруына ықпал етуі қажет. Сол себептен азаматтардың экологиялық мүдделерін қорғау үшін қоршаған ортаны қорғауда қолайлы механизм табу қажет. Бұл үшін экологиялық сараптама институтының рөлі маңызды болып табылады.
Сұрақтар:
1. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні және мәселесі – бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі дегеніміз не?
2. Экологиялық қауіпсіздік мәселесі неде?
3. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні неде?
4. Тұрақты даму дегеніміз не?
5. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?
6.Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз не?
7.Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері?
8. Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі неде?
9.Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі неде?
10. Еліміздің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы неде?
1. Тақырып «Мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйелерін басқару»
Сабақтың мақсаты – Экологиялық қауіпсіздік бағытындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты, міндеті, қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану.
Негізгі сұрақтар
1. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік мәселелері мен жағдайлары
2. Экологиялық қауіпсіздік жүйелерін басқару
3. Экологиялық қауіпсіздік концепциясы
4. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингінің біркелкі жүйесімен іске асыру
5. Экологиялық