Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 5

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова

Скачать книгу

егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды. «Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға жатқызуға толық қақымыз бар», деді экология министрі. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.

      «Елің сенің ертегі, жерің сенің ертегі!» деп «Қыз Жібек» жырында Шеге ақын суреттейтін еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу мәселесі енді қандай маңызға ие болатындығын мына жайт жақсы аңғартады: жақында ғана Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің күздегі отырысының күн тәртібіне экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда елді елең еткізерлік тағы бір жаңалық естідік: «Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш «экологиялық атласын» жасауды аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін мемлекет сонау 1983 жылғы мәліметтерге құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып келген болатын». Осылайша, жыл соңында әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ даласының өзі тұратын атырабында экологиялық ахуал дәл қазір қандай деңгейде екендігін, сондай-ақ Қазақстанның қай аймақтары тіршілік етуге мейлінше қолайлы болатындығын нақты біле алады.

      Нұрлан Исқақов бұдан былай экологиялық талаптар жоғарылайтынын нықтайды. Мысалға, егер өзен-көл тазаланатын болса, түпкі нәтиже – сондағы су сапасын «таза ауыз су» дәрежесіне жеткізу болмақ. «Біз өзендерді таза ауыз су сапасына дейін тазартуға тиіспіз, – дейді қоршаған ортаны қорғау министрі. – Мысалға, қазір Нұра өзенін улы сынаптан арылту жобасы даярлануда, соған қатысқан жапондық делегация озық дамыған Еуропа елдерінде дәл осы мақсатты көрсеткіш нысанға алынатынын мәлім етті. Ол нақты айқындалған, осыған біз ұмтылатын боламыз, осыны біз инвестициялық қаржымен қамтимыз». Әйткенмен, Қазақ жерінің табиғатын бір демде жаппай түлетіп жіберуге ел қазынасының қауқары әзірге жетпесі анық. Оған, тіпті дәулетті елдер де батылы жетіп, бара алмауда. Сондықтан Қазақстан Германияның тәжірибесін әжетке жаратпақ. – Германияда «таза зоналар» әдісі қолданылады, – деп баяндайды Нұрлан Әбділдаұлы. – Мысалға, Рейн кезінде әлемдегі ең лас өзендердің бірі болғанын білесіздер, қазір ол әлемдегі ең таза өзенге айналды. Немістер алдымен өзеннің флора және фаунаның тіршілік кешуі үшін қолайлы, ең таза бөліктерін таңдап алған және сол тұстардан

Скачать книгу