Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі. Қ. Абубакирова
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі - Қ. Абубакирова страница 18
5.Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері
Әдебиеттер
1. «Жалпы экология», С.Ж. Колумбаева, Р.М. Білдебаева Алматы, Қазақ Университеті, 2006;
2. «Қоршаған орта», оқу құралы, Е. Мамбетказиев, Сыбанбеков Алматы, Қайнар, 1990;
3. Торыбаев, Х.Қ. Қоршаған ортаны қорғау терминдеріне байланысты орысша-қазақша түсініктеме сөздігі / Хисаметдин Қалдыбайұлы Торыбаев; ҚР Білім және ғылым м-гі, Қаз. мем. қыздар пед. ин-ты. – Алматы: Қаз. мем. қыздар пед. ин-ты, 2005.
4. Экологическая безопасность: Защита территорий и населения при ЧС. Учебное пособие/А.С.Гринин, В.Н.Новиков- М.: ФАИР-ПРЕСС,2002.
5. Айдосов, А. Теоретические основы прогнозирования природных процессов и экологической обстановки окружающей среды / Аллаярбек Айдосов; А. Айдосов, Н. С. Заурбеков; М-во образования и науки РК. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2000
Кейс 4
Қоқыстарды пайдаға асыру
Соңғы уақытта үкімет, дәлірек айтсақ, бірқатар үкіметтік ұйымдар, экологияны қорғау мәселелеріне көп көңіл аудара бастады. Бұл, әсіресе, ірі қалалардағы экологиялық жағдайдың төмендеуімен байланысты. Осыған себебшілердің арасында қоқыстың бақылаусыз шығарылуы және оны дұрыс қаттап тастамау немесе пайдаға армау сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.
Алайда қала экологиясына ең үлкен келеңсіз жағдайды санкцияланбаған, тікелей қала аумағында орналасқан ұйымдастырылмаған ресми қоқыс тастайтын жерлер келтіреді. Осындай қоқыс тастайтын жерлердегі қоқыс анағұрлым тез іріп-шіриді, әрі зиянды заттар да топырақ пен ауаға тез түседі. Онда олар жиналады да, адамдар мен басқа да тіршілік иелерінің денсаулығына зиянды елеулі концентратқа дейін жете алады.
Тапсырма: Осы жағдайда мемлекет қандай шаралар қолдана алады?
Шешім:
1. Мемлекет санкцияланбаған қоқыс тастайтын жерлердің пайда болуына айыпты адамдарға қатаң айыппұл сала алады.
2. Қоқысты шығару, қаттап жинақтау, көлікпен тасымалдау және қайта өңдеу процестерін реттейтін көптеген түрлі ережелер мен санитариялық нормаларды енгізу.
3. Халықпен өндірілетін қалдықтардың санын кемітуге тұрмыс қалдықтарын қайта өңдеу көмек береді, себебі олардың көлемі де, сондай-ақ қалалық қалдықтардың жалпы санындағы үлесі де тынбастан өсуде. Яғни, тұрмыс қалдықтары мәселесін шешудің түбегейлі шаралары қажет, себебі оларды қоқыс тастайтын жерлерге тек қаттап жинау қазіргі кезде маңызды шешім бола алмайды. Сондықтан да қоқысты оны қаттап жинайтын жерге апару және сақтау ең соңғы әрекет емес, оны пайдаға асырудың аралық кезеңі болып табылуы тиіс.
Кейс 5
Жер қойнауын пайдалану туралы заң
«X» шетел компаниясы Қазақстанда бизнес ұйымдастыру туралы шешімге келді. Директорлар кеңесінің пікірінше «Ақтау теңіз порты» ЕЭА экономикалық жағынана қалай болса, географиялық тұрғыдан алғанда да неғұрлым жайлы жер болып табылады. Бірақ компания Қазақстанда ешқашанда жұмыс істемеген, жер жағдайларын білмейді.
Тапсырма: