.
Чтение книги онлайн.
Читать онлайн книгу - страница 19
39 бап, 2 тармақ: Қоршаған ортаға әсердi бағалау процесiнде:
1) атмосфералық ауаға;
2) жер үстi және жер асты суларына;
3) сутоғандары түбiнiң беткi жағына;
4) ландшафттарға;
5) жер ресурстарына және топырақ жамылғысына;
6) өсiмдiктер дүниесiне;
7) жануарлар дүниесiне;
8) экологиялық жүйелердiң жай-күйiне;
9) халық денсаулығының жай-күйiне;
10) әлеуметтiк салаға (халықты жұмыспен қамту, бiлiм беру, көлiк инфрақұрылымы) әсердi бағалау жүргiзiледi.
Дәріс 7-8. Табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектері
Дәрістің мақсаты: табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкінді шектерін анықтау
1. Табиғи ресурстарды пайдаланудың принциптері
2. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу.
3.Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Адамзат ежелгі уақыттардан бері экологиялық шараларды аңғармай жүзеге асырды. Өсімдіктерді сақтап қалу мақсатында бір аумақтан екіншісіне мал айдап көшті; балық аулайтын орындарда балықтарды жемге үйретті; аумақты дауыл құлатқан ағаштан және арамшөптерден тазартты; құстарды ұя салу кезінде, кәсіптік жануарлардың төлдеуі немесе кәсіптік балықтардың уылдырық шашқан кезінде аулауға тыйым салды. Ғылыми-техникалық төңкеріс адамның табиғатқа ықпал ету қарқынын шұғыл күшейтті. Сондықтан адамның іс-әрекетін табиғатпен өзара әсер кезінде қатаң реттеу қажеттігі туды. Барлық елдерде адамның табиғи ортаны реттеу бойынша және табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша сансыз көп заңнамалық актілер қабылданды. Әр түрлі экологиялық шараларды жүзеге асыру үшін ең алдымен белгілі уақыт кезеңінде литосфера, гидросфера және атмосфераның терең де жан-жақты экологиялық зерттеулерін жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер мониторинг (бақылау) деп аталады. Белгілі уақыт аралықтары арқылы бақылау, зерттеулерін салыстыру қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістер қозғалыстарының зерзаттық көрінісін береді.
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар табиғат пайдаланушылардан алынады.Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы