Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 4

Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова

Скачать книгу

кейінгі уақытта жаңғырды.

      

      І БӨЛІМ

      БАТЫС ЖАЗБА ДЕРЕКТЕРІ

      ШЫҒЫС ЖАЙЫНДА

      Дамыған феодализм кезеңі Еуропа халықтарының едәуір ілгері қадам басқандығымен сипатталады. Қалалар пайда болып, ұлттық мемлекеттер қалыптаса бастады. Ұлттық мәдениет туып келе жатты. Бұл құбылыстар қоғамдық қатынастарды әлдеқайда күрделендіре түсті, мұның өзі Шығыс жайында жазба деректердің сан жағынан өсуіне және олардың алуан түрлі болуына жағдай жасады. Осындай жазба деректердің қатарына, хронологиялық жағынан қарайтын болсақ, бірінші Джовани дель Плано Карпинидің «Моңғол тарихын» алуға болады. Ол францискандық орденнің іскері, сол орденнің негізін қалаған Франциск Ассизскийдің (1181-1226) жақын досы, өнерлі дипломат және дін таратушы болған. Испанияда, Германияда және Ватиканда жоғарғы шіркеу қызметтерін атқарған. Туған жері Италиядағы Маджионе қалашығы. Ол 1245 жылы 16 сәуірде Лион қаласынан Моңғолияға аттанған кезде 60 жаста болады, екі жылдық миссиясынан кейін (1247 ж. 18 қараша) Лионға қайта оралып, папа Иннокентий IV-ке «Libllus Historicus» («Тарихи шығарма») атты саяхатының есебін тапсырады. Плано Карпини жөнінде замандасы: «Ол ақылды, сауатты, шешен және әртүрлі істерге бейім адам болатын; татарларда және басқа елдерде көргенін қалың кітапқа жазған. Оны біреулер әртүрлі сұрақтармен шаршатқан кезде, осы кітапты оқып беретін», – деген. Өзінің «Тарихында» ол моңғолдардың дінін, дәстүрін, әскери және сауда ісін, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жазып кетеді. Сонымен қатар Қытай жөнінде де көптеген мәліметтер береді. Плано Карпинидің шығармасы бізге дейін бірнеше редакцияда жеткен. XIII ғасырдың өзінде-ақ, сол кезеңнің сауатты адамдарының қызығушылығын тудырып, бірнеше рет көшірілген. Бірақ бұған қарамастан бізге дейін оның тек бес нұсқасы ғана жетіп отыр. Ең жақсыларының біреуі XIII ғасырдың аяғында немесе XIV ғасырдың басында жазылған Лейдендік нұсқа. XIX ғасырдың аяғында Кэмбридж университетінің кітапханасында, бұдан да ертерек жазылған нұсқа табылған. Плано Карпини еңбегінің тағы екі нұсқасы Париждің Ұлттық кітапханасында, ал соңғысы британдық музейде сақталған. Сонымен қатар тағы бір қызығы, Иркутсктегі А.А. Жданов атындағы мемлекеттік университеттің ғылыми кітапханасында бір еңбектің үзіндісі табылған. Бұл готика жазуымен жазылған үзінді зерттелгеннен кейін, XIII ғасырда Бовэден шыққан атақты ғалым Винцентамен редакцияланған Плано Карпини шығармасының IX тарауының VII, VIII бөлімдері екені белгілі болған. Плано Карпинидің кітабы көптеген тілдерге аударылған.

      Келесі бір дерек – Гильом де Рубруктың «Шығыс елдеріне саяхаты» атты еңбегі. Плано Карпиниге қарағанда сауаттырақ болған Рубрук, өзінің саяхатына да жақсырақ дайындалған, сондықтан оның қалдырған мәліметтері құндылығы жағынан тек Марко Поло шығармасына ғана орын береді деседе болады. Рубрук жөнінде биографиялық мәліметтер өте аз, оны тек өзінің шығармаларынан ғана алуға болады. Тіпті, аты-жөні әр жерде

Скачать книгу