Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 7

Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова

Скачать книгу

Марко Поло ханның тапсырмасымен басқа елдерде жүрген кезде жинаған мәліметтерін қолданған болу керек.

      Өзінің саяхаты кезінде Памирде және Моңғолияда шатырдың астында түнеп, қытай қалаларының көшелерінде дуаналар айтатын ертегілерге құлақ салып, Орта Азияның керуен-сарайларында жолаушылармен әңгімелесіп, Цейлонға жақындаған кеменің үстінде будда монахының айтқандарын тыңдап, Марко Поло көптеген ертегілер, аңыздар, аңшылық әңгімелер жинаған. Бұлар кітаптың әр жағына қосылған және бұл әңгімелерден Александр Македонский туралы ортағасырлық романның үзіндісін, «Қасиеттінің өмірін», өзгертілген қытай ертегісін, інжіл текстерінің айғақтарын, Шакия-Муни туралы буддалық аңызды, Рук құсы және қол жетпейтін тауларды табу жайлы Шахризаданың әңгімелерін көруге болады. Бұған Марко Полоның аңшылық әңгімелері де кіреді. Аса қызығушылықпен ол Құбылайдың аңға шығуын сипаттайды. Ол, қолайлы жерлерде көрмеген аңдар және адам тәрізді маймылдар туралы әңгімелердің сәтін жібермейді. Бұл әрине, кітаптың ең қызықты бөлімдерінің бірі.

      Ерекше орынды тарихи оқиғалар алады. Кітапта оларға көп орын берілген. Марко Поло сол кезде Қиыр Шығыстың саяси жағдайына жаңаша қараған жалғыз еуропалық болды. Бірақ, өкінішке орай тарихи үзінділердің көбі, өзінің бастапқыдағы түрін сақтамаған. Олардың айтарлықтай бөлігі өзгертулерге ұшыраған. Бұл өзгертулерді, «Дөңгелек стөл» циклінен алынған ескі романдарды, өзінің қолдаушылары – ағылшын королі Эдуард, Анжуй үйінен шыққан сицилиалық билеушілердің қалауына қарай, өзгертулермен айналысқан Рустичано жүргізген. Ол әдетте, бұл романдарды, белгілі стандарттармен жасалған ұзақ және шаршатарлық көріністермен суалтқан. Бұл операцияны Рустичано, Марко Поло әңгімелеген тарихи көріністерге де қолданған. Тіпті, Марко Полоның кітабына алғы сөз жазғанда да, Рустичано басқы сөйлемдердің бәрін, Меладиус, Тристан және Ланселот жөнінде рыцарлық романның алғы сөзінен көшіріп жазады. Мысалы: Марко Полоның кітабына алғы сөз: «Патшалар, императорлар және корольдар, герцоктар және маркиздар, графтар, рыцарлар және тұрғындар әртүрлі халықтар жөнінде, дүниенің әркелкі елдерін білуге ұмтылатын қауым, осы кітапты алып, оны өздеріңе оқытыңдар, сіздер бұл жерден таңғажайып заттар табасыздар», – делінген.

      Меладиус, Тристан және Лонселот романында алғы сөз: «Патшалар, императорлар және ханзадалар, герцочтар, графтар және барондар, рыцарлар және вассалдар, тұрғындар және романдарды сүйетін, осы дүниенің ержүректері, осы кітапты алып, оны өздеріңе оқытыңдар, сонда барлық атақты оқиғаларды естисіздер», – деп басталған. Екі жағдайда да Рустичано бұл кітапты дауыстап оқитын адамдарға, яғни атақты сеньорларға көңіл бөлгендігін көруге болады.

      Сонымен бұл «Кітап», өзінің құрамы жағынан біркелкі емес, бірнеше жанрлардың қосындысы дей аламыз.

      XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ғылымда Марко Поло «Кітабының» үш нұсқасы ғана қабылданды, ерте француздық XIII ғасырдың аяғы Рустичано мәтін, түзетіліп шығарылған

Скачать книгу