Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы. Гүлжан Беделова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова страница 6

Орта ғасырлардағы Шығыс мемлекеттерінің (Қытай мен Үндістан, ХІІI-ХІV ғ.) тарихы - Гүлжан Беделова

Скачать книгу

баратын. Моңғол державасы жөнінде айтулары, сол елдердің саудагерлерінен естігені, ал Үндістан, Парсы елі, Арабия мен Эфиопия жөнінде мәліметтері араб деректерінен алынған. Марко Полоның Құбылай ауласында он жеті жыл қызмет еткендігі туралы хабары, оның шектен шығуы болып табылады», – дейді Бұл үзіндіні Поньон Эдмон еңбегінен алдық.

      Бұл тұжырымдарға қарамастан, зерттеулер мен фактілерді ескере отырып, Марко Поло кейбір жерлерді санамағанда шыншыл болғанын айта аламыз. Сонымен қатар «Кітаптың» негізгі бөлімін жоғары бағалай отырып, тарихшы-шығыстанушылар, былайша айтқанда тарихи тараулары жөнінде: «Біркелкі, жасанды шаблонмен жасалған және шынайы оқиғалар жөнінде ешқандай түсініктеме бермейді», – дейді. Бұл тараулар стилі жағынан негізгі тараулардан ерекшеленетін болғандықтан, оны пікір жазушылар Рустичаноның «еркін жөндеуінің» қорытындысы екендігін айтады. Ал Полоның кейбір биогрофтары, генуэздік қамаудағы Рустичаноны, орта ғасырдағы әртүрлі халықтардың шайқасы, әртүрлі тарихи кезеңдерде бір-бірінен айыра алмайтындай етіп жазылған әскери повестердің авторларына ұқсатады. Бірақ, бұл тек шайқастарды суреттеулерге ғана қатысты. «Кітаптың» басқа тарихи тараулары жоғарғы бағаны талап етеді. Олар кейде аздап өзгертілген (мысалға «тау қарты» жөнінде әңгімесі), кейде нақты мәліметтер береді, бұл Марко Полоның тарихи оқиғалар жөнінде мағлұматы бар екендігін дәлелдейді. Оның келтірген бірқатар мәліметтері, сол кездің Шығыс деректерімен дәлелденеді, негізінен парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағы».

      «Кітаптың» ертедегі ең алғашқы түп нұсқасы қашан жазылды деген сауалға келетін болсақ, «Прологтың» соңғы сөйлеміне қарағанда, 1298 жылы. Дәл сол кезде, пизандық Рустичаноның (немесе Рустичелло) айтуынша: «Марко Поло Генуяда қамауда отырып, өзімен бірге қамалған Рустичано Пизанскийді осының бәрін», яғни «Әлемнің әркелкілігі» атты кітабын жазуды талап еткен. Мұнда Полоның отанына оралғанан кейінгі өмірі туралы деректер жоқ болғандықтан, XIX ғасырдың кітапқа пікір жазушылары Марко Поло генуэздік қамауға Адриатика теңізінің долматиндік жағалауының қасындағы Корчула (италиандық аты-Курцола) аралының маңында болған, атақты теңіз шайқасының (1298 жылы 7 қараша) қатысушысы ретінде түскені жайлы қорытындыға келеді, ол жерде венециандық флот генуэздіктермен талқандалып, жеті мыңға жуық венециандықтар тұтқынға түскен. Бірақ Марконы Генуяға басқа-тұтқындармен бірге тек, қырқүйектің екінші жартысында ғана әкелген. Ал оны 1298 жылы Рустичаноға жаздыру үшін, көп дегенде үш ай қалатын еді. Бұл, біздің ойымызша кең көлемді кітап жазу үшін, өте аз уақыт. Сонымен қатар Марко Поло италиян тілінің венециандық диалектісінде, ал Рустичано тоскандық диалектіде сөйлегендіктерін ескеру керек. Марко Полоның әңгімелері француз тілінде жазылған, ал ол тілде Рустичано жақсы сөйлемеген, бұл жөнінде осы мәселемен айналысқан маманданушы-филологтар да айтады. Сонымен бірге кітапқа барлық пікір жазушылар Марко Поло әңгімелелерін айтып отырған

Скачать книгу