Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім. Рыскелді Мырзабекова

Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова страница 3

Қазіргі заман кезіндегі Азия мен Африка елдерінің тарихы (1918–1945). I бөлім - Рыскелді Мырзабекова

Скачать книгу

ортақ заңдылықтары мен негізгі нұсқалары Отаршылдық кең мағынада әлемдік тарихта маңызды құбылыс болып табылады. Отарлау үдерісі барысында бос жатқан және сирек қоныстанған жерлер игерілді. Өздерімен бірге қоғамдық құрылысын, еңбек және тұрмыс салтын алып келген еуропалық мигранттардың жаңа жерлерге қоныстануы, оларды алғашқы кезде дамуы тұрғысынан алғанда әлдеқайда төменгі сатыда тұрған жергілікті халықтармен күрделі қатынастарға түсуге мәжбүр етті. Мәдениет пен салт-дәстүр, діни наным-сенім, шаруашылықты жүргізу сияқты қоғамдық өмір салаларында интенсивті өзара ықпалдасу үдерісі жүрді. Бұл өзара ықпалдасу бірнеше ғасырға созылды. Дегенмен, бұл үдерісте еуропалық мәдениет пен салтдәстүр және шаруашылықты жүргізу формасы үстемдікке жетіп отырды. Нәтижесінде еуропалық салт-сана жергілікті халықтардың арасында кеңінен тарала бастады. Осыдан келіп отаршылдық феноменінің негізгі бірнеше нұсқасын түсіндіруге болады.

      Олардың біріншісі жырақта жатқан бөгде, бірақ, бос немесе сирек қоныстанған жерлерді қоныстанушы-колонистердің біртіндеп игере бастауы. Бұндай жағдайда жергілікті халық әдетте, отырықты жерлерінен шетке және шаруашылық жүргізуге қолайсыз, құнарсыз және жайсыз жерлерге тықсырылды. Бұндай жерлерде жергілікті халық бір жағынан біртіндеп қырыла бастаса, екінші жағынан отаршылдар оларды қырып-жойып, ассимиляцияға ұшыратты. Осындай жолмен Солтүстік Америка, Австралия, Жаңа Зеландия игерілген болатын. Белгілі бір дәрежеде бұндай механизм бурлардың Оңтүстік Африка Республикаларында қолданыс тапты. Уақыт өте келе бұл жерлерде еуропалық үлгідегі мемлекеттік құрылымдар пайда болды.

      Отаршылдықтың тагы бір келесі нұсқасы даму жағынан ерте мемлекттік сатыда тұрған жергілікті халық тығыз қоныстанған аудандарға жаңа қоныстанушылардың миграциясы болып табылады. Аталмыш типтегі отарлаудың жарқын мысалы Оңтүстік және Орталық Америкадағы қоғамдар болып табылады. Еуропадан қоныстанушылардың (испандар мен португалдардың) пайыздық қатынасының жергілікті үндістермен және Африкадан әкелінген құл-негрлермен (бұл өз кезегінде мулаттар мен метистердің көбеюіне алып келді) салыстырғанда төмен болуы, Латын Америкасы елдерінде әлеуметтік қатынастар формасының гибридті болуына әсер етті. Отарлаудың екінші нұсқасы отарлардың тез дамуына ықпал ете алмады. Испандық және португалдық отаршылдар өздері феодалдық қоғамнан шыққан феодалдық католицизмнің үндістік дәстүрлі қоғам формасымен синтезі дамудың пәрменді формаларының қалыптасуына және өндірістің алдыңғы қатарлы түрлерінің пайда болуына өз себін тигізе алмады.

      Отаршылдық феноменінің үшінші нұсқасы еуропалықтар үшін мекендеуге қолайсыз аудандарды отарлау болып табылады. Бұндай жерлерде әдетте жергілікті халық саны жағынан көп болғандығына қрамастан, біртіндеп еуропалықтардың ықпалына түсе бастады. Бұндай жағдай Африкада толығымен ал, Азияның кейбір аймақтарында (мысалы, Индонезияда),

Скачать книгу